Қазақстанда отандық өнімнің логотипіне арналған конкурс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда отандық өнімнің логотипіне арналған конкурс басталды ©yvision.kz

Қазақстанда отандық өнімнің барлық түрлеріне тағылатын логотип дизайнына арналған конкурс басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ИНдустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап. 

"Конкурсқа Қазақстанның барлық жеке және заңды тұлғалары қатыса алады. Олардың жұмыстарын арнайы қазылар алқасы қарайды. Оның ішінде индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бизнес қауымдастықтардың мүшелері бар. Олар дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды", - делінген агенттіктің ресми сайтында. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық тауарлардың өзіндік белгісі болуы керек. Соның арқасында отандық тауарлар ішкі және сыртқы нарықтарда танылады. 

Конкурсқа қатысам деушілер өз жұмыстарын 23 мамыр және 16 маусым аралығында [email protected] электронды мекенжайға жібере алады. Қосымша ақпаратты мына жерден оқуға болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети