24 мамыр 2014 | 13:55

Назарбаев: Қазақстан Албаниямен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Албанияның  үкімет басшысы Эди Раммен кездесті деп хабарлайды,-Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Албанияның  үкімет басшысы Эди Раммен кездесті деп хабарлайды,-Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың негізгі жайттары талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Албаниямен қарым-қатынасты жолға қоюға деген үлкен ықыласы бар екенін атап өтті.
-"Жалпы алғанда, біздің ел үшін Еуропа ірі экономикалық серіктес болып саналады, алайда Албаниямен арамызда айтарлықтай қарым-қатынас жоқ. Өкінішке қарай, елдеріміз арасында экономикалық ынтымақтастыққа негіз болатын құжаттарға қол қойылмаған. Сіздің келуіңіз осы бағыттағы келіссөздерді бастап береді деп үміттенемін. Экономикалық ынтымақтастық, инвестицияны өзара қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау, визалық режім туралы келісімдерге қол қою қажет. Бұл біздің компанияларымыздың бірлесіп жұмыс жүргізуіне негіз қалайды"  деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Эди Рама қабылдау үшін алғысын білдірді және Қазақстан туралы өзінің жақсы хабардар екенін айтты. Сондай-ақ, ол елдеріміздің арасында мәдени салада ортақ жайттардың көп екеніне назар аударды.
Албания Премьер-Министрі әлеуетімізді ескере отырып, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту қажеттігі туралы пікірмен келісетінін білдірді. Түрлі халықаралық құрылымдар аясында тиімді ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын да атап өтті.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer