Шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында IIHF (Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының) кезекті Конгрессі өтіп, онда Оман осы ұйымға 73-ші мүше-мемлекет ретінде қабылданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Оман – IIHF құрамына қабылданған Парсы шығанағындағы төртінші ел. Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт және Катар едері хоккейді Оманнан бұрын ойнай бастаған.
Оманда шайбалы хоккей 2002 жылдан бері дамытыла бастапты. Оман астанасы Маскаттың Курум деген ауданында жаңадан мұзайдын кешені бой көтеріпті.
Дәл қазір Оманда 24 ересек хоккейші бар көрінеді. Сондай-ақ 15 жас жігіт пен 12 қыз жетіліп келе жатқандығы да IIHF ресм сайтында жазылған.
Бұл елде шайбалы хоккей санаулы адамдардың ынтасымен дамытыла бастаған екен. 2009 жылы жасақталған Оман хоккейшілерінің командасы Парсы шығанағындағы елдердің шақыртуымен бірнеше додаларға барып, қатысқан көрінеді.
Сөйтіп, Оман IIHF құрамына 73-ші мүше болып қабылданды. Біз қазағы көп Шымкентте шайбалы хоккейді дамыта алмай отырғанда Парсы елдері бізге үлгі көрсетіп отырғандай...
Айтпақшы жақын арада Грузия да IIHF құрамына толыққанды мүше болып қабылдануы мүмкін. Әзірше толыққанды мүше болу үшін олардың мәртебелері өсіріліпті...