Екібастұзда полиция ғимаратының жел ұшырған шатыры сол жерден баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ТЖД-не сілтеме жасап.
Екібастұзда полиция ғимаратының жел ұшырған шатыры сол жерден баласымен өтіп бара жатқан адамның үстіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ТЖД-не сілтеме жасап.
Зардап шеккен 24 жастағы ер адам болып шықты. Ол жабық бас сүйек жарақатын алып, миы шайқалған және оң аяғы сынған. Дәрігерлер оның жағдайын орта деңгейлі деп отыр. Облыстың ТЖД шатырдың құлаған сәтінде зардап шеккен азаматпен оның кішкентай ұлы бар екенін айтады. Оқиға болған сәтте ол ұлын денесімен қорғап қалған. Сондықтанда нәресте жарақат алмаған.
Екібастұздағы дауыл полиция ғимаратынан бөлек басқа да қоғамдық ғимараттарға залалын келтірген. Атап айтар болсақ, дүлей дауыл жергілікті мектептердің бірінің, перзентхананың үш ғимаратының сонымен қатар қалалық емхананың шатырын ұшырып кеткен. Одан бөлек дауыл Лебяжі ауданында бірнеше ғимараттарға кесірін тигізген. Бұл аймақта халыққа қызмет көрсету орталығының, техникалық колледждің, мектеп пен емхананың шатыры жұлынып кеткен.