АҚШ Украинаның жаңа президентімен жұмыс істеуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Украинаның жаңа президентімен жұмыс істеуге дайын Tengrinews.kz иллюстрациясы

"АҚШ президенті Барак Обама "Вашингтон Украинаның жаңа президентімен жұмыс істеуге дайын" деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


"АҚШ президенті Барак Обама "Вашингтон Украинаның жаңа президентімен жұмыс істеуге дайын" деп мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Обаманың сөзіне қарағанда, Ақ Үй сайлауды елдің бірігуіндегі маңызды қадам деп бағалады. "АҚШ Украинаға маңызды саяси және экономикалық реформалар жасауда қолдау көрсетіп, келесі президентпен және демократиялық жолмен жасақталған парламентпен жұмыс істеуге дайын" деп мәлімдеді Обама. Ол, АҚШ Украина тұтастығының сақталуын қолдайтынын мәлім етті. "Біз Украинамен жұмыс істеуге және басқада әріптестермен бірге шиеленісті бейбіт жолмен шешуге атсалысуға дайынбыз" деді Обама.

Украинада президент сайлауы 25 мамырда өтті. Еxit poll мәліметіне қарағанда, 55,9 пайыз дауыспен Петр Порошенко жеңіске жетті. Екінші орныға 12,19 пайыз дауыс жинаған Юлия Тимошенко тұрақтаса, үштікті 8 пайыз дауыспен Олег Ляшко қорытындылады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети