Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы мектеп-интернатының директоры жұмыстан кетті. Себебі ол балалар арасындағы бейресми көшбасшыларды қолпаштап, сол арқылы мектеп ішіндегі тәртіпті сақтауға тырысқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органы өткізген тексерістерге сәйкес, ондай мекемелердің кейбір басшылары жесөспірімдердің тәртібін қадағалай алмайды. "Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектеп-интернатының директоры тәртіпті сақтау мақсатында балалар арасындағы бейресми көшбасшылардың заңсыз әрекеттерін қолдап келген. Мектеп "атамандары" сабаққа бармай, өз еркімен мекеме аумағынан тыс жерге шығып жүрді. Оған қоса, олар мектеп ғимаратында төбелеске бейімделген итті ұстаған. Интернаттың өзге шәкірттері де солардың ықпалына түскен", - делінген ресми хабарламада. Осыған байланысты мекеме директоры жұмыстан босатылды.
Айта кетейік, бүгінде республика бойынша тәртіпсіз балаларға арналған 9 мектеп-интернаты бар. Соның бірде-біреуі өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып жатқан жоқ. Балалардың білім алу мен денсаулықты сақтау саласындағы конституциялық құқықтары сақталмайды. Тексерістер кезінде мектепке бөтен адамдардың жиі келетіні, сондай-ақ балалардың өз еркімен басқа жаққа кетіп қалатыны анықталды.