"Оралда жезөкшелер арасында болған төбелестің бейнежазбасы желіде жарияланды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Оралда жезөкшелер арасында болған төбелестің бейнежазбасы желіде жарияланды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Шипагер" саунасының алдында болған жезөкшелер төбелесі 18 мамырда ғаламторда жарияланды. Басылымның мәліметінше, шамасы, бейнеролик сол маңдағы Достық көшесінде орналасқан үйлердің балконынан түсірілген болуы керек. Бейнероликте екі қыздың үшінші қызды соққының астына алып жатқаны және сол жердегі ер адамдардың төбелесті сырттай бақылап тұрғаны байқалады.
Оған қоса басылым редакциясына сол үй тұрғындарынан шағым түскен. "Біздің үйдің артында бұзақылардың ордасы орналасқан. Олар көшеде арақ ішіп, тіпті күндіз біздің балаларымызға тиіседі, балағат сөздер айтып айғайлайды. "Шипагер" саунасының маңынан, біздің үйден олар пәтер жалдап тұрады. Күндіз түні олар бұзықтық жасайды. Өткен демалыс күні күндіз ол қыздар бір-бірімен төбелесті. Патруль келеді, бірақ оларды алып кетпейді, мынау шыдап болмайтын жағдай болып тұр. Біз балаларымыз үшін қорқамыз" делінген шағым хатта.
Қазірге, бұл жағдайға қатысты полиция еш мәлімдеме жасаған жоқ.