28 мамыр 2014 | 10:15

Украина генералы АҚШ елшісіне тізерлеп отырып қылыш тапсырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынған

"Таяуда украиналық журналист Владимир Скачко украиналық генералдың бұрынғы АҚШ елшісіне тізерлеп отырып қылыш тапсырған суретін жариялады. "Украина тізе бүкті. Мына суретке қараңдар. Масқара, ол Украинаның Батысқа бағынышты екенін көрсетіп отыр" деп жазады журналист өзінің Facebook парақшасында деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Таяуда украиналық журналист Владимир Скачко украиналық генералдың бұрынғы АҚШ елшісіне тізерлеп отырып қылыш тапсырған суретін жариялады. "Украина тізе бүкті. Мына суретке қараңдар. Масқара, ол Украинаның Батысқа бағынышты екенін көрсетіп отыр" деп жазады журналист өзінің Facebook парақшасында деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Скачконың айтуынша, дәстүр бойынша қылышты ұсынған адам емес, оны қабылдап алған адам тізерлеп отыруы тиіс. "Қараңыздаршы, генерал ерлігі үшін поручикке марапат қылышын табыс етіп жатыр, алайда генерал тізе бүгіп тапсырса, поручик тік тұрып қабыл алады... Сандырақ! Онымен қоса жеңілген, жеңімпазға тізе бүгіп қару табыстап отыр" деп жазады ашынған журналист. Оның пайымдауынша, бұл сурет "украиндық саясаткерлердің бағыныштылығының иллюстрациясы" болып табылады.

Вести.Ru мәліметінше, суретте Украинадағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі Джон Теффт. Сурет 2013 жылдың қараша айында, Теффт елші болып тұрған кезде түсірілген. "Сіз көріп отырған суретте мейірімді баптист, бұрынғы АҚШ елшісі Джон Теффтті казактар қатарына қабылдау сәті бейнеленген" делінген суретке қатысты украиндық порталдардың бірінде білдірілген пікірде.

Естеріңізге сала кетсек, 27 мамыр күні Барак Обама Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенкоға телефон арқылы хабарласып, оны жеңісімен құтықтап, АҚШ-тың толықтай қолдау көрсететінін айтқан болатын. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында хабарланған. Обама Украинаның жаңа президентін экономикалық реформа жасауға үндеген. Сондай-ақ екі ел басшысы кездесуге уағдаласқан.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer