28 мамыр 2014 | 14:12

Спорт туралы жаңа заң жобасы спортшыларға Әнұранды бiлудi мiндеттеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: kaz-news.info Сурет: kaz-news.info

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінде қабылданған жаңа Заң жобасының негiзгi мақсаты - дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетiлдiру, дене шынықтыру мен спорттың тұрақты жүйесiн сонымен қатар осы салада қажетті мемлекеттiк басқаруды құру, мемлекеттiк және қоғамдық институттардың өзара бiрлескен жұмыстарын, допингке қарсы әрекет, дене шынықтыру мен спорттық шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн бір қалыпқа келтіру бойынша құқықтық міндеттер белгiлеу болып табылады.

Заң жобасында дене шынықтыру мен спорт саласындағы құзырлы органның міндеттері нақтылап, спорт федерацияларын аккредиттейтiн институт енгiзiледi. Одан бөлек материалдық көмекті алу құқығы бар адамдардың – Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы атанған мүгедек-спортшылардың тiзiмi кеңейтiлдi.

Сонымен қатар жаңа Заң жобасы еліміздегі әр спортшыға ҚР Мемлекеттiк Әнұранды бiлудi мiндеттеп, мемлекеттiк кәсіпорындарда мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы қолданбай спорттық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге рұқсат ететiн нормалармен толықтырылады.

"Ең алдымен үкiметтiң міндеті кеңейтілді. Тарқатып айтсақ, бiрiншiден, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары даярланды. Екiншiден, спорттық iс-шарларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерiн бекiту кезінде тұлғалар аясы барлық санаттағы әскери қызметшiлер және құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi арқылы кеңейтіледі. Үшiншiден, түрлі халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерiне, құрама командалар жаттықтырушылары мен мүшелерiне қаржылай сыйақы төлеу бекітілді. Төртiншiден, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемдерiнiң қағидаларын бекiту, сонымен қатар бұл төлемдердiң мөлшерiн белгiлеу. Бесiншiден, Қазақстан құрама командаларын iрiктеу, спорттық iс-шарларға дайындау мәселелерi бойынша ұйымдастыру комитетiн құруға қатысты Үкiметтiң өкілеттiлiгi кеңейтiлдi", - дедi бұл туралы Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев

Сондай-ақ, агенттіктің төрағасы алдағы уақытта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылар айына 500 бен 3000 доллар аралығында жалақы алатынын айтып, жас спортшылардың да жалақсына көңіл бөлетіндігін жеткізді. Жалпы жаңа Заң жобасына 12 тармақтан тұратын 60 бап енгізілді.

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer