28 мамыр 2014 | 14:43

Қазақ қартайып бара ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Алда Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы тұр. Мамандар бұдан түсер пайда ұшан-теңіз екенін айтып-ақ жатыр. Ең бастысы, Қазақстан, Ресей, Беларус Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өз кәсіпкерлері үшін ортақ көлемі 2 триллион АҚШ долларынан астам 170 миллион адамдық нарық ашады, іскерлік саладағы бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жағдай жасайды. Десек те қайсыбір экономист-сарапшыларымызда «бұл нарықта бәсекеге бәс тіге алу үшін бізде ең бастысы адам капиталының мүмкіншілігі аздық етеді» деп отыр. Бүгін Алаш айнасы осы ретте мәселелерді сараптауды жөн көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Алда Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы тұр. Мамандар бұдан түсер пайда ұшан-теңіз екенін айтып-ақ жатыр. Ең бастысы, Қазақстан, Ресей, Беларус Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өз кәсіпкерлері үшін ортақ көлемі 2 триллион АҚШ долларынан астам 170 миллион адамдық нарық ашады, іскерлік саладағы бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жағдай жасайды. Десек те қайсыбір экономист-сарапшыларымызда «бұл нарықта бәсекеге бәс тіге алу үшін бізде ең бастысы адам капиталының мүмкіншілігі аздық етеді» деп отыр. Бүгін Алаш айнасы осы ретте мәселелерді сараптауды жөн көрді.

Ғылыми дәлелденген пәлсапа бойынша: адамның өзгелерге жақсылық істеп, қоғамға пайдасы тиюі үшін кез келген мемлекеттің адами капиталы берік, ұлттық қауіпсіздігі мығым, халқының мемлекет дамуына деген сенімі нық болуы қажет. Әрине біздің дамуға деген сеніміміздің нық екендігінде дау жоқ. «Бірақ қайсыбір түйінделіп қалған жайттарды ашып-ашып көрсеткеннің артығы болмайды» дейді сарапшыларымыз.

Алдымен өмір сүруді жасарту керек

Жалпы, адами капиталды дамытудағы ең бірінші қадам ол адамның өмір сүру ұзақтығы және мемлекеттің жас ұрпақпен толығып отыруы. Сауатты адам капиталын жасау үшін ең маңыздысы осы. Адам өмірінің ұзақтығы жайында өткенде ғана ұлтымыздың денсаулығына жауапты Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ханым: «Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы 69,01 жас, 2012 жылы 69,6 жасқа артып, 0,59 жылға өсіп отыр» деген-ді. Ресми мәліметтер бойынша Қазақстандағы 65 жастан асқан тұлғалар саны 1,1 миллион адамды немесе тұрғындардың жалпы санының 7,14 пайызын құрайды. Ең қызығы сол, БҰҰ сарапшылары Қазақстанды тез қартаюшы мемлекеттер қатарына жатқызады. Олардың болжамы бойынша 2050 жылы республика тұрғындарының 25 пайызын қарт адамдар құрайды. Ал мамандар «қартаюшы ұлт болудан қорыққан абзал» деседі.

Камал Ормантаев, ҰҒА академигі:

- БҰҰ тегіннен тегін Қазақстанды қартаюшы мемлекеттердің қатарына қосып отырған жоқ. Ресурстық қоры мол Қазақ елі үшін адам капиталын сауатты қалыптастыру идеясының бір бөлігі бала туу көрсеткішін көбейту. Егер БҰҰ мамандары болжап отырғандай 2050 жылы елімізде қарттардың көрсеткіші 25 пайызға жетсе онда бұған шынымен алаңдауымыз керек. Қарттық деңгейінің өсуі мемлекетімізде еңбекке қабілетті адамдардың көрсеткішінің төмендеуіне апарып соғады. Мысалы, қазірде біз «қазақ ғылымы қартайып барады»дегенді жиі айтамыз. Расымен де біздің қазақ ғылымында еңбек етіп жүргендердің дені 50-60 жасты құрайтындар. Ғылымда жастардың қарасы тым аз. Сонда өзіңіз ойлап қараңызшы, қартайған еменнен, жас еменнің берері мол емес пе?! Демек біз үшін қай салада болсын жастардың жасақталуы өзекті. Бұл адам капиталының сауатты қалыптасуына оң ықпал етеді. Сондықтан өмір сүруді жасарту адам капиталын ұлғайтудың бірінші қадамы. Егер біздің мемлекетімізде жастардың қарасы өсер болса онда елімізде еңбек белсенділігі, білім алуға деген құлшыныс, іскерлік қарым-қатынастардың нығаюы артады. Демек қарттардың орнын үнемі жастар басып отыратын болса бұл да бір құндылықтың сақталуы іспетті дүние. Сондықтан нақ қазір біз үшін бала туу көрсеткішін өсіріп өмір сүруді жасартқан жөн. Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында Ресей мен Беларус елімен тең түсу үшін алдымен осы мәселені жолға қою керек.

Жапондардың теориясын ескерсек...

Негізінен, адам капиталына қатысты тағы бір ескерілуі тиіс дүние бұл - еңбек өнімділігі. Сарапшылардың пайымдауынша, адам капиталының 1 пайызға өсуі еңбек өнімділігін 3,81 пайызға өсіреді. Ескеретіні сол соңғы онжылдықта әлемдік экономика адам ресурсы есебінен дамуда. Бұл ретте мамандар «Шығыстың тез қарқынмен дамыған елдері адам ресурстарын дамыту мен компанияны және жалпы экономиканы тиімді басқарудың жаңа механизмдерін дайындауда тұрғылықты халықтың мәдениетін (тіл, дәстүр, менталитет) кеңінен пайдалану арқылы қол жеткізді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer