29 мамыр 2014 | 16:19

В.Путин жаңа одақтың мүмкіндігі жайлы тарқатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Путин. Фото тікелей көрсетілім кезіндегі стоп-кадр Владимир Путин. Фото тікелей көрсетілім кезіндегі стоп-кадр

РФ Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің егемендігіне нұқсан келмейтіндігін атады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

РФ Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің егемендігіне нұқсан келмейтіндігін атады, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгін үш ел басшылар келісімге қол қойғаннан кейін мәлімдеме жасаған еді. Онда сөз алған Ресей басшысы "Қазақстан, Белоруссия, Ресей үкіметтерінің бірлескен Еуразиялық экономикалық комиссиясының 1-шілдеге дейін өзара Еуразиялық экономикалық одақ туралы құжатты дайындау туралы бастамасы сәтті іске асты. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде Н.Назарбаев осы идеяны ұсынған болатын. Одан кейін бұл идея жоғары қарқында дамып, 2009 жылы ҚР Президенті қайта ұсыныс жасап, бұл жұмысты бірге атқаратынымыз туралы келіскен болатынбыз", - деді.

В.Путиннің айтуынша, бұл идеяны Ресей жалпыұлттық консенсус ретінде қабылдайды. Бүгінде Ресей экономикасында еуразиялық кеңістік азаматтар үшін кең көлемдегі нарыққа ашылған мүмкіндік болып отыр. Қазақстан, Белоруссия, Ресейдің өзара іс-қимылдың жаңа дейгейіне көтерілетінін алға тартқан В.Путин тауар, жұмыс күші, капитал көлемінің артатынын да тілге тиек етті.

"Үштік одақ келісімді негізде экономикалық қозғаушы күші өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы, транспортта бірігіп жүргізеді. Бұл өте маңызды жұмыс. ТМД нарығындағы кеңістік 170 миллионнан астам адамды құрайды. Бұның негізінде ауқымды өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті, мол табиғи ресурсы бар алып біртұтас нарық құрылуда. Бұған қазірдің өзінде әлемдегі ірі экономикалық ойыншылар қызығушылық танытып отыр", - деді РФ Президенті. 

Сонымен қатар, әлемдік нарықта халықаралық құқық субъектісіне толық көлемде ие және Дүниежүзілік сауда ұйымы ұстанымдарына сай жаңа экономикалық ұйым пайда болатындығын атады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer