АҚШ-та "ВКонтакте" желісінің негізін құрушы Павел Дуров жоба және UCP қоры бойынша бұрынғы серіктестерін сотқа берді. Дуров оларды Telegram мессенджеріндегі үлесіне қатысты алаяқтық және бопсалаушылық әрекет жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
АҚШ-та "ВКонтакте" желісінің негізін құрушы Павел Дуров жоба және UCP қоры бойынша бұрынғы серіктестерін сотқа берді. Дуров оларды Telegram мессенджеріндегі үлесіне қатысты алаяқтық және бопсалаушылық әрекет жасады деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылымның мәліметіне қарағанда, шағым-арыз Нью-Йорк штатының Оңтүстік сот ісі бойынша АҚШ округтік сотына 30 сәуірде түскен. "Дуров жауапкерлердің алдын ала сөз байласып, оның Digital Fortress, Telegram және Pictograph компанияларын, сондай-ақ сол арқылы Telegramдағы үлесін заңсыз ұрламақ болғанын дәлелдемек. "ВКонтакте" желісінің негізін құрушы соттан шығындарды өндіріп беруді, оның Telegramдағы барлық активтерін заңды деп тануды сұрап отыр. Арыз-шағымда шығын көлемі көрсетілмеген.
Шағымға қарағанда, 2011 жылы "ВКонтакте" желісінің негізін қалаушы ФҚҚ оқи алмайтын Telegram мессенджерін құруды жоспарлаған. Дуров өз ойын жария етпеуді ұйғарған. Telegram активтері әртүрлі юрисдикцияда бірнеше компанияға бөлінген. Мессенджермен жұмыс істеуді ол Аксел Нефф және Илья Перекопскийге тапсырған. 2012-2013 жылдары ВКонтакте желісінің негізін қалаушы Дуров Аксел Нефф пен Илья Перекопскийдің есепшотына 4,8 миллион доллар аударған. 2014 жылы тауар белгісі, серверлер және келісімшарттар UCP-ке өткен.
Өзінің шағымында "ВКонтакте" желісінің негізін қалаушы 2014 жылдың қаңтар айының басында Нефф, Перекопский және UCP бойынша өзге де серіктестері "халықаралық бопсалау үлгісін" пайдаланып, одан мессенджерді тартып алуға өзара сөз байласқанын айтады. UCP бойынша серіктестері Нефф пен Перекопскийді жемқорлыққа итермелеген. Дуровтың сөзіне қарағанда, олар Перекопскийге 4 миллион фунд (6,7 миллион доллар) төлейміз деп уәде еткен. Ол ақшаға Перекопский Ұлыбританияға қоныс аудармақ болған. Ал Неффке 10 мың доллар сыйақы берген.