02 маусым 2014 | 11:44

Халыққа қызмет көрсететін 100-ден астам маман жұмыстан босатылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының 100-ден астам жұмысшысы заңдарды білмегені үшін қызметтен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Байланыс және ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының 100-ден астам жұмысшысы заңдарды білмегені үшін қызметтен босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Байланыс және ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерін аттестациядан өткізудің бесінші кезеңі аяқталды. ХҚКО-ның 907 қызметкері ҚР заңнамасы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттері мен стандарттары бойынша білімдерін сынға салды. Аталған сыннан өте алмаған 128 қызметкерді қызметтен босату ұсынылды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

"Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтардың мемлекеттік орган тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді бір терезе арқылы алуы үшін құрылған болатын. Сондықтан ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамалық базасын, мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мен стандарттарын толық білулері тиіс. Біз өз қызметкерлеріміздің біліктілік деңгейлерін үнемі жетілдіріп отыру үшін оқыту-үйрету семинарлары мен тренингтерін жиі ұйымдастыруға тырысамыз. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ХҚКО қызметкерінің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты", - дейді "ХҚКО"РМК Бас директоры Мұрат Айтуғанов.

Мұрат Айтуғановтың айтуынша, емтихан тапсыру процесінің әділ әрі ашық өтуіне баса назар аударылды, емтихан тапсыру процесін онлайн режимінде "ХҚКО" РМК Ахуалдық орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы  "ХҚКО" РМК орталық аппаратының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия мүшелері бақылап отырды.

"Аттестациядан өткізу шарасы барысында ХҚКО қызметкерлеріне 60 минут уақыт берілді, осы уақыт ішінде қызметкер 60 сұраққа жауап беруі тиіс. Әрине, қызметкердің атқарып отырған лауазымына байланысты қойылатын сұрақтардың мазмұны да күрделене түседі. Аттестация нәтижесіне байланысты ХҚКО қызметкері қызметінен босатылған жағдайда, тестілеуден үш ай өткен соң, бос орынға жариялаған конкурсқа қатыса алады. Ол үшін қайтадан аттестациядан өтуі керек", - дейді ХҚКО РМК директоры.

2012 жылдан бері қызмет көрсету орталықтарының 8 704 қызметкерінің 7070-і аттестацияға қатысты. Олардың 1340-і нашар көрсеткіш көрсеткендіктен атқарып отырған қызметіне лайықсыз деп танылды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer