02 маусым 2014 | 16:57

Кеншілер қаласында Азияның алтындарын "күреп" алдық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ekaraganda.kz сайтынан Фото ekaraganda.kz сайтынан

Қарағанды тас жолдарына велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан велошабандоздары кеншілер қаласындағы аламан бәйгелерде алтынды "күреп" алып, теңдессіз шықты, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды тас жолдарына велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан велошабандоздары кеншілер қаласындағы аламан бәйгелерде алтынды "күреп" алып, теңдессіз шықты, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда бірінші рет өткен құрлық біріншілігінің Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде басталып, Қарағандыға ойысып, тас жолдардағы бәйгелердің өте бастағанын жазғанбыз. Әуелі жекелей сындағы жарыстар өтіп, төрт жүлде (3 алтын, 1 күміс) олжалағанбыз. Үміт артқан велоспортшыларымыз тек әйелдер арасында жүлдеге іліге алмай, бойжеткендер, бозбалалар, жастар (андерлер) және ерлер арасында алтынмен аптап, күміспен күптеген.

Бұдан кейін аламан бәйгелер басталды. Мұнда да тек әйелдер арасында жүлдеге қолымыз жетпеді. Ал қалған төртеуінде талантты қыз-жігіттеріміз алтынды басқа елдің велошабандоздарына ұстатқан жоқ.

Айтпақшы, соңғы күнгі ересектер арасындағы аламан бәйгеде спортшыларды сөреден лауазымды тұлғалар шығарып салды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев, UCI (Халықаралық велосипедшілер федерациясының) президенті Брайн Куксон, Азия велоспорт конфедерациясының президенті Чой Бу Вунг, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Александр Винокуров және басқа да лауазымды қонақтар қазақ топырағындағы құрлық біріншілігінің мәртебесін өсіре түсті.

Ең бастысы, жалпыкомандалық есепте Қазақстан велоспортшылары 22 жүлдемен (11 алтын, 7 күміс, 4 қола) бірінші орынға ие болды. Алтын саны жағынан бәрінен асып түстік. Бірақ жалпы медаль саны бойынша 32 жүлдемен Оңтүстік Корея озды. Олар жүлделерінің көбісін велотректен олжалады. Ал біздің велошабандоздарымыз тас жолдардағы бәйгелерде Азияның алпауытарын да шаң қаптырып кетті. Кеншілер қаласында сарапқа салынған 10 медаль жиынтығының жартысына жуығын ел қоржынына салды.

Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде басталып, Қарағанды тас жолдарында көмбеге жетті. Біздің спортшылар велотректен 8 медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) еншілеп, веложарыстардан 14 (7 алтын, 4 күміс, 3 қола) жеңіп алды.

Жалпы соңғы бәйгелер туралы толығырақ мәліметтерді мына жерден оқи аласыздар. Ал мынау сол соңғы бәйгелердің қысқа ғана техникалық нәтижелері:

Жасөспірімдер. Аламан бәйге. 75 шақырым.
1. Надежда Генелёва
2. Юми Кадзихара (Жапония)
3. Кийоко Сакагучи (Жапония)

Жастар. Аламан бәйге. 172,7 шақырым.
1. Вадим Галеев
2. Олег Земляков
3. Мақсат Аязбаев

Әйелдер. Аламан бәйге. 125,6 шақырым.
1. Мей Ю Хсяо (Тайпэй)
2. Хсяо Юан Диао (Гонконг)
3. Сангун Гу (Оңтүстік Корея)

Ерлер. Аламан бәйге. 204,1 шақырым.
1. Руслан Тілеубаев
2. Максим Иглинский
3. Дмитрий Груздев

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer