Венгрияда ұлы Абайға ескерткіш қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияда ұлы Абайға ескерткіш қойылды ©ШҚО ақпарат орталығы

Венгрияда ұлы Абайға ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венгрияда ұлы Абайға ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұлы ақынның ескерткіші Будапешттегі Астана көшесіне орнатылған. Оның ашылу салтанаты ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында болды. Қазақстандық делегация құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері бар. Облыстың жас таланттары Абайдың әндерін венгр тілінде орындады. Екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан даңқты жерлестерінің мүсінін дайындауды өз мойнына алып, кейін Венгрияға жолдаған болатын. Бюст қоладан құйылған, оның биіктігі - 1070 мм, ені - 900 мм.

Бұған дейін қазақ ойшылы, ағартушы Абай Құнанбаевқа Мәскеуде, Бейжіңде, Ташкентте, Витебскіде, Тегеран мен Ыстамбұлда ескерткіш қойылғаны белгілі, ал Лондонда Абай үйі ашылды. Айта кетейік, қазақстандық делегацияның Венгрияға сапары барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Хайду-Бихар муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнінде келісім жасалды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети