03 маусым 2014 | 20:06

Бразилияға қазақстандық 200 жанкүйер барғалы отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандық 200 жанкүйер Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатына баруға ниетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі оңтүстікамерикалық мемлекеттің Астанадағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды. 3 маусымдағы мәліметтер бойынша қазақстандық 130 жанкүйерге виза беріліп қойған, қалған 70 адамның тапсырыстары қарастырылуда. Бразилияның Қазақстандағы елшілігіне виза алуға Қырғызстанның 14 азаматы мен Түркіменстанның бір азаматы тапсырыс берген.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық 200 жанкүйер Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатына баруға ниетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі оңтүстікамерикалық мемлекеттің Астанадағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды. 3 маусымдағы мәліметтер бойынша қазақстандық 130 жанкүйерге виза беріліп қойған, қалған 70 адамның тапсырыстары қарастырылуда. Бразилияның Қазақстандағы елшілігіне виза алуға Қырғызстанның 14 азаматы мен Түркіменстанның бір азаматы тапсырыс берген.

Елшіліктің мәліметі бойынша, тапсырыстар екі ай бұрын түсе бастаған. Сондай-ақ елшілік өкілдері қазақстандық жанкүйерлер әлем біріншілігі кезінде де тапсырыс береді деп күтіп отыр. Елшіліктің тәртібі бойынша, визаны қарастыру 14 күнге созылады. Бірақ әлем біріншілігі болатындықтан еліміздің Сыртқы істер министрлігі тапсырыстарды жылдам қарастыруды ұсынып отыр. Бұған қатысты толық мәліметтерді мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Олар: Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадор, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталеза, Натал, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куябе, Куритибе. Қазақстандық бір туристік агенттіктің Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазір көптеген жанкүйерлер Бразилияға баруды қалайды, бірақ ол сапар тым қымбатқа түсетіндігін айтқан. "Топтық кезеңде барып, Ресейдің бір матчын тамашалау үшін бір адамның өзінен бес-алты мың доллар кетеді", - дейді туристік агенттіктегілер. Бірақ чемпионаттың ашылу салтанаты өтетін Сан-Паулу немес Рио-де-Жанейро қалаларына Қазақстаннан тікелей рейстер жоқ. Ол үшін Мәскеу немесе Еуропа болмаса БАӘ арқылы ұшуға тура келеді. Күні бұрын билет алып қою қиын, себебі саяхатшыға алдымен виза жасатып алу қажет.

Қазақстандық туристік агенттіктің мәліметі бойынша, қонақүйлердің бағасы 200 доллардан жоғары. Ал Бразилияның ішінде ұшақпен ұшу құны қазірдің өзінде 300 долларға жеткен. "ФИФА-ның ұйымдастыру комитеті барлық қонақүйлерді өзіне алып алған. Сочидағы жағдай секілді ешкімге сатқызбайды. Өте қымбат, қорқынышты әрі пойыздар жоқ", - деп түсіндіріп берді туристік агенттік өкілдері. Айта кетейік, Сочиге бару үшін қазақстандықтар 4 мың доллардан аса шығындалған болатын. Ticketbis.ru сайтының мәліметі бойынша чемпионаттың ашылу матчына деген билеттің құны 350 мың теңге мен 270 мың теңгенің аралығында. Бразилиядағы әлем чемпионатының ашылу матчына арналған билеттерді Biletynachm2014.ru сайты 270 мың теңгеге сатып жатыр.  

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer