04 маусым 2014 | 16:32

Биыл The Spirit of Tengri қатысушыларының қатары көп

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы Республика сарайы алдындағы алаңда 7 маусым күні сағат 17.00-де болатын The Spirit of Tengri фестиваліне қатысушылардың тізімі жария болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаның бас продюсері Жан Қастеев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Республика сарайы алдындағы алаңда 7 маусым күні сағат 17.00-де болатын The Spirit of Tengri фестиваліне қатысушылардың тізімі жария болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаның бас продюсері Жан Қастеев хабарлады.

Биыл қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі қатысушыларының қатары көбейді. Бұл күні сахнаға қазақстандық "Роксонаки", "Алдаспан", "Шарапат" топтары, түркиялық Baba Zula ұжымы, грузиялық The-Shin тобы, эквадорлық Yaric-Ecuador, тувалық көмей әншісі Радик Тюлюш және қазақстандықтарға былтырғы фестиваль арқылы жақсы таныс башқұртстандық "Арғымақ", бурятиялық "Намгар" топтары, қырғызстандық Gulzada, тувалық-австриялық Сайнхо Намчылак, таулышориялық Чылтыс және алтайлық Болот Байрышев сияқты орындаушылар шығады. Болот Байрышев "Белуха Jam" тобымен бірге өнер көрсетеді.

The Spirit of Tengri фестивалінде электр домбырамен бірге тұңғыш рет электр жетіген де таныстырылады. Фестиваль live-sound және оpen-air форматында өтеді. Бұл күні Республика сарайы алдындағы алаңда қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардың көрмесі қойылады. Шараның фан-аймағына кіру тегін.

Фестивальге екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отырған Global құрылыс компаниясы қадағалаушы кеңесінің төрағасы Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, The Spirit of Tengri түбі бір халықтардың арғы тарихы мен мәдениетін насихаттаудың тамаша алаңы. "Біз былтыр алғашқылардың бірі болып осы фестивальге қолдау көрсеттік. The Spirit of Tengri көптеген мерекелердің арасындағы терең тарихи тамыры бар жалғыз жоба ретінде ерекшеленді. Келешек өткен тарихсыз болмайды. Сол себепті жобаның идеясы қатты ұнады. Ол тек Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шетелдерді қамтыған фестиваль болды. Әлемге танымал музыканттар келді. Музыканттар өз халқының өнері мен шығармашылығын паш етті. Біз бірегей дыбыстар мен әуендерді естідік. Ішкі түйсігіміз бізге мұның дұрыс бағыт екенін білдірді", - дейді ол. 

NS радиостанциясының бас директоры Ноэль Шаяхметов бұл этникалық музыка фестивалінің еліміздің мәдени өмірінде маңызы зор екенін айтып отыр. "Мен Африка музыкасымен, кейін Шығыс халықтары әуендерімен әуестендім. Этномузыканың шет-шегі жоқ әрі ғажайып күші бар. Tengri FM радиостанциясы The Spirit of Tengri фестивалін ұйымдастыра бастаған кезде мен бұл музыка қаншалықты ұзаққа барар екен деп алаңдадым. Бірақ, уақыт көрсетіп отырғандай, бұл музыкаға қызығушылық артты. Шындығында, оның түп-қиыры жоқ екен. Әрбір ұлттың, әрбір мәдениеттің өзіндік тамаша болмысы бар. Электронды аспаптардың халықтық аспаптармен сәтті үйлесім тапқанын айтқан жөн", - дейді Шаяхметов.

The Spirit of Tengri - Қазақстан жерінде этникалық дәстүрлерді паш етуге бағытталған мультимәдени жоба. Оны Tengri FM радиосы қолға алды. Биылғы фестивальдің бас серіктесі - Kaspi Bank. Шара "Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясында өтеді. 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer