06 маусым 2014 | 10:45

Нелли Фуртадо Астана күнінде өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нелли Фуртадо. ©Тheguardian.com Нелли Фуртадо. ©Тheguardian.com

Канадалық әнші Нелли Фуртадо Астана күнінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорданың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабына сілтеме жасап.


Канадалық әнші Нелли Фуртадо Астана күнінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорданың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабына сілтеме жасап.

"Биыл "Асқақтай бер, Астана!" дискотекасының хэдлайнері - Нелли Фуртадо", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Астана күнін мерекелеуге арналған концерт 6 шілдеде сағат 19.00-де "Сарыарқа" республикалық велотрегінде өтеді.

Оған қоса, концертке басқа да танымал шетелдік және отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында The Jigits, Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, "Пицца", Полина Гагарина және атақты Blue тобы бар.

"Астана күні шеңберінде Қазақстан және шетел эстрадасы жұлдыздарының гала-концерті бесінші жыл қатарынан өтпек. Бұл концерт - Астана жастары үшін тамаша сый. "Асқақтай бер, Астана!" концерті брендке айналды", - деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті медиа-штабының өкілдері.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети