08 маусым 2014 | 16:44

Бразилия-2014: Шамамен 1400 жанкүйер билеттерін ауыстыруға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем чемпионатының билеті. Фото: mumbaitv.org Әлем чемпионатының билеті. Фото: mumbaitv.org

Шамамен 1400 жанкүйер футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының матчтарына алған билеттерін қайта ауыстыруға мәжбүр болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz дерек көзіне сілтеме жасап.


Шамамен 1400 жанкүйер футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының матчтарына алған билеттерін қайта ауыстыруға мәжбүр болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz дерек көзіне сілтеме жасап.

Өздеріңіз білесіздер, футболдан 2014 жылғы әлем чемпионаты 12 маусымнан 13 шілдеге дейін Бразилияда өтеді.

ФИФА-ның деректері бойынша, біршама билеттер аустырылуы керек. Себебі билеттерде көрсетілген орындардың нөмірлері стадиондардағы жанкүйерлердің жайғасу тәртібіне сәйкес келмейді.

Бұл ретте, мұндай келеңсіздіктер стадиондардың ареналарындағы әрлеу жұмыстарының кідірістері мен созылып кетулеріне байланысты емес екендігі айрықша аталып өткен.

Түзету БАҚ өкілдері мен репортаж тарату жабдықтарын орналастыру қажеттігінің салдарынан туындап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети