09 маусым 2014 | 16:32

Астана: Құрылыстың шапшаң жүргізілуі төтенше жағдайды ұлғайтып отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Тұрар Қазанғапов© Фото Тұрар Қазанғапов©

 Астанадағы құрылыс жұмыстарының тым шапшаң жүргізілуінің арты қайғылы оқиғаларға апарып соқтыруда,-деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Астанадағы құрылыс жұмыстарының тым шапшаң жүргізілуінің арты қайғылы оқиғаларға апарып соқтыруда,-деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Бұған қатысты Еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеп отырғандай,  Астанада биылғы жылдың 5 айында 55 өндірістік қайғылы жағдай орын алған. Мұның салдарынан 66 адам зардап шегіп, 13 жұмысшы бақилық болған.

Ал 2013 жылғы деректер бойынша өндірісте 143 төтенше жағдай орын алған.  Бұдан 147 адам зардап шегіп, 21 адам қайтыс болған, 80 адам ауыр түрде жарақаттанған.

"Өндірістік жарақат алудың негізгі себептері - құрылыс алаңдарындағы құрылыс жұмыстарының өте шапшаң жүргізіліп жатқандығы, сондай-ақ, тексеру барысында анықталғандай, кәсіби тәукелділік жүйесінің төмен болуы яғни өндірісте кәсіби білікті мамандардың аздығы да бұған себеп болып отыр" дейді аталмыш басқарма мамандары.

Жалпы, құрылыс орындарында болатын төтенше жағдайларға қатысты Tengrinews.kz берген сұхбатында тілші сауалына жауап берген еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко "Астанада құрылыс салу үрдісі жыл сайын өсіп отырса, соған сәйкес құрылыстағы төтенше жағдайдың орын алуы, төтенше жағдай салдарынан адам өлімі де жыл сайын өсім беріп отыр. Бұл ретте айтарым, мысалы, басқа қалаларға қарағанда Алматыда неліктен базарлар жиі өртенеді? Өйткені басқа аймақтарда бірді-екілі базар бар болса, Алматыда қаланың барлық жері базардан көрінбейді. Міне, сол тәрізді Астанада да құрылыс нысандары өте көп болғандықтан төтенше жағдай да көп" деген болатын. 

Негізінен бұған қатысты сала мамандары "еңбек иснпекцциясы басқармасы алдын-алу шараларына аз уақыт бөлмейді" деп отыр.  

Мәселен, басқарма мамандарының айтуынша, биылғы жылдың өзінде мемлекеттік еңбек инспекторлары және прокуратура саласының мамандарымен бірлесіп 110-ға жуық еңбек ұжымымен еңбек қауіпсіздігін сақтау турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ  сала мамандары жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігіне қатысты отандық құрылыс компанияларының басшыларымен және бірқатар кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерімен бірігіп 6 басқосу өткізілгенін де алға тартып отыр.

Бұған қоса  басқарма мамандары қазірде қаладағы мемлекетік еңбек инспекторларымен, қалалық прокуратура қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар және санитарлық қадағалау қызметінің мамандарымен бірлесіп еңбек қауіпсіздігін сақтамай,  адам өліміне дейін жол берген ірі құрылыс орындарына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын құлаққағыс жасап отыр.

Айта кету керек, жуырда Астанада жаңа құрылыс жұмыстары басталады. EXPO-2017 көрмесіне қатысты құрылыс нысандарынан бөлек қалада "Салтанатты дарбаза" жаңа ауданының құрылысын бастау да жоспарланып отыр. Әрине, Төтенше жағдайлар министрлігі қаладағы құрылыс жұмыстары бақылауда болатынын баса айтуда.

"EXPO-2017 құрылысына  біз өте қатаң бақылау орнатамыз. Бақылау тек инспекторлық деңгейде ғана болмайды, инфрақұрылымдық бақылау да ұлғаяды. Біз EXPO құрылысын салу барысында арнайы өрт сөндіру орындарын салуды да қарастырамыз. Бұл қандайда бір жағдайдың алдын алу үшін қажет" деді Владимир Божко.


Сондай-ақ Божко энерго-қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және тұтас құрылымның қауіпсіздігіне үш бірдей министрліктің жауапты болатынын баса айтты.

Жалпы, Астанада құрылыс нысандарында әр апта сайын төтенше жағдай орын алады. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде екі төтенше жағдай тіркелген. Олардың бірінде жұмысшы төртінші қабаттан құлап кетсе, екіншісінде жұмысшы екінші қабаттан құлаған.

Ал құрылысшылардың жаппай жарақат алуы 25 сәуір күні "Көркем" Тұрғын үй құрылыс кешенінде болды. Аталмыш Тұрғын үй кешенінде орын алған төтенше жағдайдан 18 құрылысшы жарақат алған.  Қазірде бұл оқиға бойынша "Еңбек қауіпсіздігін бұзғаны үшін" Қылмыстық кодекстің 152 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Орын алған жағдайдың нақты себептері ретінде құрылысқа қажетті ағаш материалдарының мемлекеттік талапқа сай болмауы саналды. Артынша тексеру тобы  бұл іске кінәлілерді де анықтады.

Жалпы, Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі бұған дейін құрылыс орындарындағы төтенше жағдайдың орын алуының басты себебі "бас мердігер құрылыс компаниялары  құрылыс жұмыстарына ұсақ құрылыс компанияларын тартады, солармен келісімшарт жасасып, бас мердігерлер осылайша өздерінен жауапкершілікті алып тастап, әлеуметтік мәселелерді шешуден қашады" деген болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer