09 маусым 2014 | 16:15

Шеттегі қандастарға қамқорлық керек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Алаш айнасының» сайтына Мәскеу қаласындағы қазақ диаспорасының атынан Жарқын Утешовадан хат келіп түскен еді. Біз бүгін осы хаттың толық нұсқасын оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

«Алаш айнасының» сайтына Мәскеу қаласындағы қазақ диаспорасының атынан Жарқын Утешовадан хат келіп түскен еді. Біз бүгін осы хаттың толық нұсқасын оқырман қауымның назарына ұсынып отырмыз.

«2013 жыл соңында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдаудың мақсаты – 2050 жылы Қазақстанның әлемдегі мықты 30 мемлекеттің қатарында болуы. Бұл елдегі , шеттегі қазақ жұрты үшін үлкен абырой, мақтаныш. Жер бетінің қай нүктесінде жүрседе әр қазақ өз Отанын ойлайды, ана сүтімен сүйекке сіңген қасиет қазақты өз топырағына алып келері сөзсіз. Стратегияда елдегі-сырттағы ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлттық интеллигенцияның негізін нығайту, тілімізді сақтау мәселесі көтерілген, 40-тан аса мемлекеттерде тұратын қазақ диаспораларының саналы азаматтарының бұл жолдауға назар аудармай қалмағаны жоқ. Әлемдегі бар ұлт өкілдері секілді қазақтар да өзінің ұлттық мәдениетін өздерімен бірге алып жүрері, ұрпағына аманат етіп қалдыратыны аян. Ұлт мәдениетіне ешқандай шекара кедергі бола алмайды. Сырттағы 5 миллион қазақтың бұл Жолдаудан күтер үміті орасан зор!

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзге елде этникалық азшылық болып табылатын шетелдегі қазақтардың салт-санасын, тілін, дәстүрін сақтау, қорғау, дамыту ісін үнемі басты назарда ұстап келеді. «Шетелде тұратын отандастарды қолдау туралы» жарлыққа қол қойылып, Үкімет қаулы қабылдады.

2004 жылдан бері осы қаулы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы шет мемлекеттерде тұратын отандастарды қолдау туралы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Xалықаралық олимпиада өткізуде. Қазақстанның жүрегі - Астана қаласынан басталған олимпиада міндеттері,қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтап, қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, тарихына, мәдениетіне олардың танымдық қызығушылығын арттыру. Еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына тарту. Он жыл ішінде жүздеген мектеп оқушылары елордадан бастап, қасиетті қазақ жерінің он өңірінде болып, олимпиада жүлдегері жоғары оқу орындарында білім алып, атажұртының дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл олимпиадаға Мәскеу қазақ балалары да бірінші күннен өз қаражатымен қатысып келеді. Қазақ диаспорасының балаларын осы олимпиадаға дайындау барысында оқуға дайындалу орыны, пайдаланатын оқулықтар табу қиындықтарына кездесіп жатады. Жол қаражаты да көп балалы, күнкөріс жағдайлары төмен жанұяларға қиындық туғызып, өз тараптарынан қиналса да көмек жасалады. Елімізге тілімізді көтеруге барамыз деп, жергілікті үкіметке, Елшілікке шағым түсіріп көрген жоқ. Әр қазаққа ана тілі өзі үшін керек оны олар жақсы түсінеді. «Бөрі арығын білдірмес , сыртқа жүнін қампитар» , деген бабаларымыз. Биыл Ақтау қаласында өтетін олимпиадағада баруға жиналуда.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқыңыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer