09 маусым 2014 | 19:49

Ереуілдерді заңсыз деп тану істері жеделдетілетін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото kostanay.enbek.gov.kz сайтынан алынды Фото kostanay.enbek.gov.kz сайтынан алынды

Бұдан былай Қазақстанда ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер жеделдетілетін болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне сілтеме жасай отырып.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұдан былай Қазақстанда ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер жеделдетілетін болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында мәлім етті. 

"Азаматтық іс жүргізу кодексіне әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу тиімділігін арттыру, құқықбұзушылықтың қоғамдық-қауіпті салдарын азайту мақсатында ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді соттардың қарау мерзімін 30 күннен 10 күнге қысқарту нормалары ұсынылған" - деді С.Жақыпова.

Сондай-ақ, Светлана Жақыпова "бұдан бөлек "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңына әлеуметтік шиеленістің және еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында - жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік шиеленістің мониторингін жүзеге асыру және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерін болжау бойынша функцияларды бекітіп беретін нормалар ұсынылады" - деді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer