10 маусым 2014 | 13:46

ФИФА бас төрешілерге екі рет дамылдауға рұқсат береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dynamo.kiev.ua сайтынан Фото dynamo.kiev.ua сайтынан

Футболдан Бразилияда өтетін әлем чемпионаты аясындағы матчтарда ФИФА бас төрешілердің екі рет үзіліс алуларына рқұсат береді, хабарлайды Tengrinews.kz elfvoetbal.nl сайтына сілтеме жасап.


Футболдан Бразилияда өтетін әлем чемпионаты аясындағы матчтарда ФИФА бас төрешілердің екі рет үзіліс алуларына рқұсат береді, хабарлайды Tengrinews.kz elfvoetbal.nl сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) бас төрешілерге бір ойында екі рет қысқа ғана үзіліс алуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Тек мұндай тайм-ауттарды 30-75 минут аралықтарында ғана алуға болады екен. Әрі ауаның температурасы 32 градус және одан жоғары болғанда ғана дамылдап алуға болады. Ал үзілістердің ұзақтығы үш минутпен ғана шектелуі керек.

Аптап ыстықта бас төрешілер тайм-аут алса, онда қолына ысқырық ұстаған қазылар сол минуттарды әр таймның аяғында негізгі уақытқа қосып, жігін жабуы керек екен.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан 2014 жылғы әлем чемпионаты 12 маусымнан 13 шілдеге дейін Бразилияның 12 қаласында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети