11 маусым 2014 | 11:39

Қазақстанға Франция Президенті Франсуа Олланд келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Pomalu.ru ©Pomalu.ru

Жылдың соңында Қазақстанға Франция Президенті Франсуа Олланд келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Парижде франциялық әріптесі Лоран Фабиуспен, Франция Президентінің кеңесшісі Жак Одибермен және қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррермен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жылдың соңында Қазақстанға Франция Президенті Франсуа Олланд келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Парижде франциялық әріптесі Лоран Фабиуспен, Франция Президентінің кеңесшісі Жак Одибермен және қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикаррермен кездесуі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Францияға ресми сапары барысында Ерлан Ыдырысов Лоран Фабиуспен екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. “Екі министр жүргізген келіссөздердің негізгі тақырыбы Франция Президентінің жылдың соңына қарай Қазақстанға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша келуіне дайындық болды. Пікірлестер бұл сапардың, әсіресе, экономика бағытындағы бірлескен қызмет бағытында жаңа өзаратиімді келісімдерге қол жеткізумен ерекшеленуі тиіс екенін атап өтті", - делінген министрліктің баспасөз парағында.

Ыдырысовтың айтуынша, өткен жылы Қазақстанның Франциямен арадағы тауарайналымының көлемі 6 млрд долларға жетті. Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бұл ел төртінші орында. Тараптар аэроғарыш, "Еврокоптер" тікұшақтарын өндіру, атом энергетикасы, машина жасау салаларында өзара ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Ыдырысов пен Фабиус Астана мен Париж арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін, Қазақстан-Сорбонна университетін құру және басқа да мәселелерді талқылады. Қазақстан Сыртқы істер министрі Францияға ресми сапары аясында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясына қатысады, онда EXPO-2017 көрмесінің құжаттамасы бекітіледі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer