Дженнифер Лопес ӘЧ-2014 ашылу салтанатында ән салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дженнифер Лопес ӘЧ-2014 ашылу салтанатында ән салады Дженнифер Лопес, Pitbull және Клаудиа Лейтте. kiss925.com сайтынан

Америкалық атақты әнші Дженнифер Лопес Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатының 12 маусымдағы ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық атақты әнші Дженнифер Лопес Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатының 12 маусымдағы ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Дженнифер өз табынушыларының және футбол жанкүйерлерінің көңілін қалдырғысы келмегендіктен Әлем Чемпионатының ашылу салтанатына қатысатынын айтты. Ол бұрыннан Әлем чемпионатына қатысуды армандаған көрінеді. Ал бұған дейін әнші ӘЧ ашылу салтанатына қатысудан бас тартты деген сыбыстар тараған болатын. Алайда бұл ақпарат расталмады. 

Дженнифер Лопес, рэпер Pitbull және бразилиялық әнші Клаудиа Лейттемен бірге турнирдің ресми әнұранын арнайы жаздырды. Композицияның атауы We are one. Бұған дейін Дженнифер продюсерлікке қатысты мәселелерге орай ӘЧ-2014 ашылу салтанатына келе алмайтыны айтылған еді.   

ӘЧ-2014 ашылу салтанаты 25 минутқа созылады. Оған 600-дей артист, гимнаст, акробат, капоэйрлар қатысады. Дженнифер Лопес, Pitbull және Клаудиа Лейттенің орындауындағы We are one әнімен ӘЧ-2014 ашылу салтанаты аяқталады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети