12 маусым 2014 | 12:31

Қазақстанда шетелдік инвесторлар 10 жыл бойы жер салығын төлемейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©akorda.kz ©akorda.kz

Үкімет шетелдік инвесторларға жан-жақты жағдай жасау шараларын әзірледі. Оған сәйкес, экономиканың басымды бағыттары бойынша индустриализацияға қатысатын инвесторлар корпоративті табыс пен жер салығынан 10 жылға босатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет шетелдік инвесторларға жан-жақты жағдай жасау шараларын әзірледі. Оған сәйкес, экономиканың басымды бағыттары бойынша индустриализацияға қатысатын инвесторлар корпоративті табыс пен жер салығынан 10 жылға босатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап. 

"Сондай-ақ олар мүлікке салынатын салықты 8 жылға дейін төлемесе болады", - деді бүгін Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында. Ал қандай да бір нысанды іске қосқаннан кейін мемлекет құрылысқа салынған ақшаның 30 пайызын өтейтін болады.  Мемлекет басшысының айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру барысында белгілі бір уақытқа шетелден жұмыс күшін тартуға да шектеу қойылмайды. "Инвесторлар үшін салықтың барлық түрлері бойынша заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беріледі. Бірақ қосымша құн салығы және акциз салығы оған кірмейді. Ал инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен қызметін енгізілетін болады. Бұдан бөлек, экономиканың басымды бағыттары бойынша жұмыс істейтін инвесторлар үшін мемлекет тарапынан тапсырыстар беріледі. Оған да кепілдік болады", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, бүгін Бурабайда ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы басталды. Оның басында Н.Назарбаев "Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңға қол қойды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer