12 маусым 2014 | 13:55

Бизнес әліппесі: Адам ақшасыз өмір сүре ала ма?!

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осы біз ақша табу үшін қызмет етеміз. Көп ақша табудың жолында біріміз бизнеспен айналысқымыз келеді, енді біріміз қос-қостан қызмет істегіміз келеді. Қысқасы, ақша адам өміріндегі басты құралдың біріне айналып кеткелі қай заман? Ал енді бұрындары ежелгі сауданың қалай жүргенін біз білеміз бе? Ақшаны басты құрал етіп алмаған тұста қандай сауданың түрлері дамыды? Ең қызығы, қазір де сол алғашқы қауымдастық кезіндегі сауданың біраз түрі ХХІ ғасырға қарай бейімделіп, заманауи нышанға түсіп, сол сауда арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері бар екенін біз біле бермейміз. Бүгін "Алаш айнасы" "Бизнес әліппесін" пайдалана отырып, "ақша адам өмірінен алыстар болса қайтер едік" деген сауалға жауап іздеп көрмек.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осы біз ақша табу үшін қызмет етеміз. Көп ақша табудың жолында біріміз бизнеспен айналысқымыз келеді, енді біріміз қос-қостан қызмет істегіміз келеді. Қысқасы, ақша адам өміріндегі басты құралдың біріне айналып кеткелі қай заман? Ал енді бұрындары ежелгі сауданың қалай жүргенін біз білеміз бе? Ақшаны басты құрал етіп алмаған тұста қандай сауданың түрлері дамыды? Ең қызығы, қазір де сол алғашқы қауымдастық кезіндегі сауданың біраз түрі ХХІ ғасырға қарай бейімделіп, заманауи нышанға түсіп, сол сауда арқылы шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіп иелері бар екенін біз біле бермейміз. Бүгін "Алаш айнасы" "Бизнес әліппесін" пайдалана отырып, "ақша адам өмірінен алыстар болса қайтер едік" деген сауалға жауап іздеп көрмек.

Айырбас саудаға бейімбіз бе?

Заманында алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылған. Мысалы, 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және тағы басқа....

Солтүстік халықтары тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланыпты. Жүнді ақшалау Монғолияда, Тибетте және Памирде кең көлемде таралды. Сондай-ақ Ежелгі Русьтардың, арабтар мен жазарлардың Византиямен сауда саттық жасауы барысында тері-жүн ең басты құралдардың бірі болды. Бұған қоса Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Ол тұстары бір құлдың құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді еді. Кейін металдардың арасында басты рөл алтын мен күміске өте бастады. Алтын, күміспен сауда-саттық жасауды қазақтар да іске асыра бастады. Жалпы, тарихи деректер қазақтардың айырбас саудаға бейім болғанын алға тартады.

Негізінен осы ақшаға қатысты XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді? Әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алыстар болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді» деген екен. Міне, «ақша адам өмірінен алыстар болса талай жайсыздықтың ауылы алыстар еді» дейтін Томас Мор айырбас саудаға қазақтардың бейімделуін оң бағалап «айырбас саудаға қазақ-қырғыздардың араласа бастауы тіптен оңды. Бұл сауда түрін тереңдетеді» деген екен.

Ол аздай Томас Мор ақшаға қатысты: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес» дейді.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer