Аударыспақтан Азия чемпионатына қатысатын палуандардың таныстырылымы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аударыспақтан Азия чемпионатына қатысатын палуандардың таныстырылымы өтеді ©Ulttyqsport.kz

Астана қаласында 14-маусымда басталатын  Аударыспақтан І ашық Азия чемпионатына орай Қазмедиа орталығында палуандардың таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласында 14-маусымда басталатын  Аударыспақтан І ашық Азия чемпионатына орай Қазмедиа орталығында палуандардың таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет белгілі болып отыр. Бұл жоба Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстанның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды. Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Әр команда ұсынған білекті палуандар арасында абсолютті чемпионның "Алтын белбеуі" сарапқа салынады. Таныстырылым барысында, абсолютті чемпионның «Алтын белбеуі» мен спортшылардың киім үлгісі таныстырылатын болады.

Балуандарды таныстыру рәсімінде ҚР ҰСТҚ президенті – Бекболат Тілеухан, "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры – Саясат Нұрбек, Чемпинаттың Бас төрешісі Рамазан Сәттібай чемпионаттың шарты жайлы баяндайтын болады.

Алғаш рет өткелі отырған доданың бас демеушісі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры болса, ресми тасымалдаушы ретінде "Air Astana" әуекомпаниясы бекітіліп отыр. Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясы мен "EXPO-2017" халықаралық көрмесі қолдау білдіріп отыр.
 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети