13 маусым 2014 | 17:10

Медицина қызметкерлері БАҚ үшін пресс-тур өткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Пресс-тур барысында жасалған ота Пресс-тур барысында жасалған ота

 Алматыда 12-маусым күні медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты мен Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы журналистер үшін пресс-тур өткізеді. Кез келген тілші екі бірдей орталық қызметкерлерінің бір күндік жұмысын бақылап, адам өмірін сақтау қалудың қиындығы мен машақатын өз көзімен көре алды. Оған қоса, күрделі ота жасауға қатысып, өзін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алуына мүмкіндік болды.
Шараның ең басты мақсаты – медицина және БАҚ қызметкерлері көмегімен қатерлі ісік пен туберкулездің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Әлемдегі ең қауіпті қатерлі ісік пен туберкулез аурулары қоғамымыздың басты дерті болып отыр. ДСҰ бұл қатерлі аурулармен күресудің жаңа жолдарын қарастырып келеді. Статистикаға сүйенсек, қазіргі кезде елімізде өлім-жітім көрсеткіші бойынша, қатерлі ісік ауруы екінші орында тұр. Жыл сайын 17 000 адам осы дерттен көз жұмады. Тіркеуде тұрғандар саны 146 400. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту мен өмір сапасын арттыру мақсатында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамытудың бесжылдық мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оған бюджеттен 211 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жатыр мойны, сүт безі, өңеш және асқазан, бауырдың қатерлі ісігін, оған қоса, қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау мен оны толық емдеу және өлім көрсеткішін азайтуға бағытталған алты скринингтік бағдарламаны іске қосты.
Сондай-ақ әлем бойынша медицина саласындағы өзекті проблема – туберкулез. Әсіресе, Еуроазия елдерінде бұл дерт асқынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде 8,6 миллионға жуық адам туберкулезге шалдықса, оның ішінде жарты миллионы көпдәріге төзімді түрімен ауырады, ал 1,3 миллион адам осы аурудан көз жұмады екен. Қазақстан Үкімет туберкулезбен күрес мақсатында 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылдады. Бұл бастаманы ДДҰ қолдады.
«Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар айығып кете алады, себебі, туберкулезді анықтау мен оны емдеудің әлемдік стандарттарға негізделген ең тиімді әдістері арқылы кез келген азаматты тегін емдей аламыз» - деп атап өтті Туберкулез проблемалары ұлттық орталығында. Орталықтың дерегі бойынша, соңғы он жылда сырқаттану көрсеткіші 52,4%-ға, өлім көрсеткішін -72,8% -ға төмендеген.
Медицина қызметкерлі қатерлі ісік пен туберкулезге қарсы бағдарламалар аясында БАҚ қызметкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатып, халықты ақпараттандыру мен денсаулығын күту мәдениетін жоғарылатуда бірге жұмыс істеуге шақырады. Себебі, баспасөз қызметкерлері – халықтың құлағы әрі көзі, қоғамдық пікірді қалыптастырушы.
Медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Туберкулез проблемалары ұлттық орталығында журналистер үшін ашық есік күні өтті. Журналистер бір күн бойы онкологтар мен фтизиатрлардың қызметін атқарып, дәрігерлердің жұмысын бақылады. Тіпті күрделі ота жасауға да қатысты. БАҚ қызметкерлеріне әлеуметтік маңызы жоғары екі ауруды алдын ала анықтау және оны емдеудің инновациялық технологиялары мен әдістері көрсетілді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer