19 маусым 2014 | 17:32

Дәрігерлер оқушылар сөмкесінің салмағын тексеріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда дәрігерлер оқушылар сөмкесінің салмағын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында айтылды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дәрігерлер оқушылар сөмкесінің салмағын тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Tengrinews.kz тілшісінің сауалына қайтарған жауабында айтылды.

Бұл зерттеумен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің дәрігерлері санитар-эпидемилогтермен бірге айналысып жатыр. Олар оқушылардың оқу құралдары салынған және бос сөмкелерінің салмағын тексереді. Зерттеу №140 мектеп-гимназияда және №2 орта мектепте жүргізіліп жатыр. Оқушылардың медициналық құжаттамасы да зерттеліп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылар сөмкесі салмағын азайту жөніндегі кеңестер мен іс-шараларды ұйымдастыруға негіз болмақ.

Білім және ғылым министрлігі мамандарының мәліметінше, нормативтерге сәйкес, 1-4 сынып оқушылары үшін бір оқулықтың салмағы 300 грамнан, 5-6 сынып оқушылары үшін 400 грамнан, 7-9 сыныптықтар үшін 500 грамнан, ал 10-11 сынып оқушылары үшін бір оқулықтың салмағы 600 грамнан аспауы тиіс. Оқулықтар мен оқу құралдарының жиынтық салмағы 1-3 сынып оқушылары үшін 1,5-2 келіден, 4-5 сынып оқушылары үшін 2-2,5 келіден, 6-7 сынып оқушылары үшін 3-3,5 келіден, 8-9 сынып оқушылары үшін 4-4,5 келіден аспауы керек.

Мамандардың айтуынша, оқушылар сөмкесінің салмағы оқулық материалдарын азайту, екіге бөлу, жұмсақ мұқаба және оқулықтың электронды нұсқасын жасау есебінен азайтылмақ. "Келешекте білім мазмұнын цифрлық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте электронды оқулықтар, колледждерде виртуалды тренажерлер, ЖОО-ларда электронды ғылыми-зерттеу орындары жетекші мәнге ие болады. Электронды білім берудің жаңа жүйесіне көшу дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйеден бас тартылады деген сөз емес. Компьютерлік бағдарлама мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге көмектеседі", - дейді Білім және ғылым министрлігінің мамандары.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer