20 маусым 2014 | 11:08

"Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының заңгері соққыға жығылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото vesti.kz сайтынан алынды Фото vesti.kz сайтынан алынды

Көкшетауда "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының заңгері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы - "Қазақстан" РТРК АҚ-ның облыстық филиалы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының заңгері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы - "Қазақстан" РТРК АҚ-ның облыстық филиалы.

Ақмола облыстық ІІД мәліметі бойынша, заңгерді "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасының басшылары соққыға жыққан. Бұл оқиға маусымның 14-і күні түнде болған екен. Бір ұжымда жұмыс істейтін әріптестер заңгердің үйінің жанына келген бойда оның ұялы телефонына хабарласып, сыртқа шығып кетуін сұраған.

Заңгер сыртқа шыққанда қызметтік екі көлікпен келген өзінің тікелей басшысы "Қазақстан-Көкшетау" телерадиокомпаниясының директорын, республикалық "Хабар" агенттігінің облыстығы меншікті тілшісін, "Қазақстан-Көкшетау" телерадиокомпаниясы директорының орынбасары мен басқа да әріптестерін көрген.

Шақырусыз келген "қонақтар" әңгімені ұзаққа созбастан заңгер тепкінің астына алған. Ал телеарнаның қатардағы қызметкерлері өз басшыларының заңгерді соққыға жыққанын көрген бойда өздері келген екінші көліктен шықпай қойған. Басшылар мінген қызметтік көлік оқиға орнынан кеткен бойда, қатардағы қызметкерлердің бірі заңгерді орнынан тұрғызып, пәтеріне дейін жеткізіп салған.

Ақмола облыстық ІІД осы оқиғаға байланысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірнеше жерінен ауыр соққы алған заңгер дәл қазіргі уақытта облыс орталығында медициналық мекемелердің біріндегі нейрохирургия бөлімінде ем-дом қабылдауда. Заңгердің сөзіне қарағанда, сол күні күндізгі уақытта ұжымда "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы директорының туған күні атап өтілген. Сол сәтте "Хабар" агенттігінің меншікті тілшісіне телеарна заңгерінің оны күтіп алғандығы ұнамаса керек. Бар мәселе осыдан кейін туындаған. "Қазақстан-Көкшетау" телеарнасы онлайн режимінде жұмыс істеп тұр.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer