20 маусым 2014 | 12:10

Марқұмның органдары төрт адамның өмірін құтқарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Қайтыс болған пациенттің органдары төрт қазақстандықтың өмірін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қайтыс болған пациенттің органдары төрт қазақстандықтың өмірін құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

30 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасына бас жарақатын алған пациент түскен, бұл - адам өліміне соқтыратын жарақат. Дәрігерлер пациентті құтқару үшін қолдан келгенді жасады, бірақ науқастың миы қызметін тоқтатты. Оның органдарын кәдеге жарату үшін туыстарының келісімін алған соң Астанадан үш клиниканың трансплантация бригадалары реактивті ұшақпен ұшып келді. Науқастың жүрегі, екі бүйрегі, бауыры мен ұйқы безі алынды.

Бұл уақытта Астанада органдарға зәру науқастар емделіп жатқан еді. Солтүстікқазақстандық марқұмнан алынған мүшелер төрт реципиентке салынды: бүйрегі жарамсыз екі пациент пен жүрекке зәру бір адамға және бауыры бұзылған тағы бір адамның органы ауыстырылды.

Бұл пациенттерді құтқарудың жалғыз жолы органдарын ауыстыру болған. Жүрек ауыстыру операциясын Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында белгілі дәрігер, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя жасады. Екі науқастың бауыры мен бір бүйрегі Ұлттық ғылыми медицина орталығында ауыстырылды, операцияны профессор Жақсылық Досқалиев жасады.

Екінші бүйрек Республикалық шұғыл медициналық жәрдем ғылыми орталығында ауыстырылды. Операцияны трансплантолог Ғани Құттымұратов жасады. Мәйіт органдарының науқастар ағзасына трансплантациясы Трансплантология жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы мамандары, Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасы дәрігерлері, Астана транспланторталықтары дәрігерлері мен ТЖМ және ІММ мамандарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті іске асты.

Айта кетейік, 2014 жылдың ақпанынан бері Трансплантология жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының жаңа өкілдіктері еліміздің тоғыз облысының орталығында ашылды. Аймақтық үйлестіру орталықтары мамандарына осы қызмет жөнінде оқыту тренингтері өткізілді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer