21 маусым 2014 | 17:39

Вена соты Рахат Әлиевтің түрмеде отыру мерзімін ұзартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Рахат Алиев. Сурет youtube.com ақпарат көзінен алынған Рахат Алиев. Сурет youtube.com ақпарат көзінен алынған

Венаның Жер соты кісі өліміне қатысты күдікті, Қазақстанның бұрынғы арнайы қызмет басшысы және Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің түрмеде отыру мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz австриялық Heute.at порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Венаның Жер соты кісі өліміне қатысты күдікті, Қазақстанның бұрынғы арнайы қызмет басшысы және Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің түрмеде отыру мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz австриялық Heute.at порталына сілтеме жасап.

Түрмеде отыру мерзімін ұзарту заңды болып табылады, өйткені қылмыс жасау бойынша тағылған айып өзгерген жоқ. Қамауға алудың негізін тексеретін келесі сот отырысы бір айдан кейін болады. Портал таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл бұрынғы елшінің екі сыбайласына да қатысты.

Бұған дейін Рахат Әлиев Австрияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін екені айтылған болатын. Австрия заңына сәйкес, егер Рахат Әлиев айыпты деп танылса, ол 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін кесілуі мүмкін. Ал Рахат Әлиевтің адвокаты Манфред Айнедтер не болған жағдайда да өзінің қорғауындағы Әлиевтің Қазақстанға экстрадицияланбайтынын айтады.

Бақылаушылардың ойынша, Рахат Әлиевтің ісі бойынша бірінші сот отырысы 2015 жылдың қаңтарынан ерте болмайды. Мәлім болғандай, айыптуу қортындысы қашан дайын болатыны қазірше белгісіз және оны сотқа өткізу үшін қанша уақыт қажет болатыны да беймәлім. Сонымен қатар, Австрия заңы бойынша, Рахата Алиевтің қорғаушылары айыптау қортындысына қатысты апелляция беруге құқылы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы екі банкирдің өліміне қатысты іс бойынша Рахат Әлиевті австриялық прокуратура 5 маусымда қамауға алған болатын. Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, Әлиев "Нұрбанк" АҚ-ның екі топ-менеджері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлау және өлтіру факті бойынша айыпталған қылмыстық іс материалдары негізінде қамауға алынған. Кейінірек Қазақстан Рахат Әлиевтің оппозицияшыл саясаткер Алтынбек Сарсенбаевтың өліміне қатысы бар деген қылмыстық іс құжаттарын Австрияға жіберген болатын.

Сондай-ақ, австриялық депутаттар Әлиевтің кепілдікке босатылмайтынын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer