22 маусым 2014 | 22:35

Жанна Фрискенің жағдайы оңала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Фриске. Фото РИА Новости© Жанна Фриске. Фото РИА Новости©

Нью-Йорк онкологиялық клиникасында емделіп жатқан әнші Жанна Фрискенің жағдайы оңала бастады. Бұл туралы әншінің құрбысы Ольга Орлова айтып отыр,- деп хабарлайды РИА Новости.


Нью-Йорк онкологиялық клиникасында емделіп жатқан әнші Жанна Фрискенің жағдайы оңала бастады. Бұл туралы әншінің құрбысы Ольга Орлова айтып отыр,- деп хабарлайды РИА Новости.

"Жанна өзін анағұрлым жақсы сезінуде. Әзірге бұдан артық ештеңе айта алмаймын" дейді Орлова БАҚ өкілдеріне.

Еске салайық, Жанна Фрискенің әкесі бұдан бұрын оның Мәскеуге шілде айының соңында ұшып келетінін айтқан болатын.

Ол сондай-ақ Жаннаның Лос-Анджелес қаласында  ем алу кезінде Нью-Йорктің бас клиникасындағы дәрігерлердің  көмегіне де жүгінгенін айтып отыр. Мәлім болғандай, дәрігерлер әншіге қатерлі ми ісігіне қарсы нановакциналарды қолдану арқылы жетістікке жетуге болатынын айтып химия сәулемен емделуден бас тартуға сендірген.

Мұндай емнен кейін Жанна Фриске ем қабылдау барысында жинаған біраз салмағын тастап, қазір төсектен өз бетімен тұра бастаған. Әнші АҚШ-та достарының үйінде тұрып жатыр.

Еске салайық, әншінің 2014 жылы қатерлі ісік дертіне  шалдыққаны белгілі болды. Әншінің тыңдармандары оның емделуіне екі миллион. доллар қаржы жинаған. Дегенмен бұл сома қатерлі ісік дертімен ауыратын балалардың еміне жолданбақ... 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети