23 маусым 2014 | 15:15

Kazakh Alpine Club атты тұңғыш альпинистік клуб ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 ©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Алматыда тұңғыш рет Kazakh Alpine Club деп аталатын альпинстік клубтың тұсауын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Алматыда тұңғыш рет Kazakh Alpine Club деп аталатын альпинстік клубтың тұсауын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Клубтың негізі осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012 жылы қаланған болатын. Бірақ клубты әлемдегі барлық сегіз мың метрден биік шыңдарды бағындырған Мақсұт Жұмаев Альпі қоғамының 150 жылдық мерей тойының қарсаңында ашуды жөн санапты. 

Kazakh Alpine Club клубының басты мақсаты - еліміздегі және шет елден келетін саяхатшыларға дем алу үшін қолайлы жағдай жасау. "Бірінші кезекте біз дем алушылар үшін қолайлы жағдайларды қарастыратын боламыз. Қазірдің өзінде еліміздің және шет елдің саяхатшылары тауға келіп демалуды әдетке айналдыруда. Бірақ, өкінішке қарай, біздің тауларда арнаулы бағыт пен жол нұсқағыш жоқ. Сондықтан да біз алдымен осы олқылықтың орнын толтырамыз. Сонымен қатар тауға шығатын адамдардың қауіпсіздігін де алдын алатын боламыз", - дейді Мақсұт Жұмаев. 

Клубтың ресми ашылу салтанатына Мақсұт Жұмаевтан басқа альпинистер одағының мүшелері Инге Солхейм мен Микаель Мюллер қатысты. Бұл клубтың жұмысы негізінен жеке демеушілердің және клуб мүшлеренінің жарналарының есебімен жүріп тұратын болады. "Клубтың есепшотына келген барлық қаржы саяхатшылардың жақсы демалуы үшін жұмсалады. Сонымен қатар таудағы нұсқағыштар, карталар, қоқыс тастайтын орындар, демалатын жерлерге кетеді", - дейді Жұмаев. 

Ал клубтың ресми ашылу салтанатына келген шет елдік альпинстер Қазақстанда күннен-күнге саяхатшылардың көбейіп келе жатқанын және алдағы уақытта бұл клубқа Халықаралық альпинистер одақтың көмек көрсететінін айтты. "Қазақстанда демалатын орын өте көп. Бірақ жаз мезгілінде көптеген адамдар тауға шығуды қалайды. Шынымды айтсам, Алматының маңында орналасқан Алатау тауының сұлулығына көз тоймайды. Бірақ бұл жерде нұсқағыштар мен карта дұрыс жасалмаған. Ал тауға шығуға керек заттары болмаған жағдайда адамдардың түрлі оқыс оқиғаға ұшырап қалуы ғажап емес. Осы орайда Kazakh Alpine Club саяхатшыларға арналған өте сәтті жоба деп ойлаймын. Алдағы уақытта бұл клубқа халықаралық альпинистер одағы тарапынан да көмек болады деген ойдамын", - дейді Инге Солхейм.

  

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer