26 маусым 2014 | 10:30

Саят Шаяхметовке қатысты сот Алматыда өтуі мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы Алматыға ауыстырылуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Саят Шаяхметовтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот процесінің не себепті әлі күнге дейін басталмай жатқанын айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы Алматыға ауыстырылуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Саят Шаяхметовтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот процесінің не себепті әлі күнге дейін басталмай жатқанын айтты.

Жалғасы

"Біз шағым түсірдік, соттың алдында (Астана қаласындағы Алматы аудандық соты - Авт.) істің соттылығын өзгертуге өтініш білдірген едік. Сот оны қабылдамады. Біз бұл қаулыға шағым түсірдік, енді қалалық сот шешім шығаратын болады. Айыпқа негіз болған 176-баптың мағынасына қарағанда, қылмыс орны - Алматы қаласы", - дейді адвокат Нұрлан Бейсекеев, ол қазір бұл істі қарайтын нақты сотты анықтау мәселесінің шешіліп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Саят Шаяхметовке қатысты басты қылмыстық талқылаудың 23 маусым күні Алматы аудандық №2 сотында судья Әсем Рамазанованың төрағалығымен өтетіні хабарланған еді. Бірақ Бейсекеевтің айтуынша, күйеуі жәбірленуші тараптың өкілі болғандықтан, судья процеске төрағалық етуден бас тартты. "Судьяның наразылығы қабылданбады. Сонда судья құқық нормасын түсінеді де, өзге судьялар оған қарсы болады, бұл жайттың объективтілігі күмән туғызбайды. Заңнамада тікелей айтылған: мұндай жағдайда судьяның істі қарауына тыйым салынады", - деді Шаяхметовтің адвокаты.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 29 сәуірі күні қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде бюджеттің бір миллиард теңгеден астам қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдік бойынша Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды. Сол жылдың 17 мамырында Шаяхметов соттың санкциясымен үй қамауына алынып, екінші фигурант тұтқындалды.

Саят Шаяхметов ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметіне 2011 жылдың қазан айында тағайындалды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде шенеунік өзге жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан шығарылған.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer