27 маусым 2014 | 16:10

Назарбаев қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қасиетті Құран кітабында өсиет етілгендей, бұл айда адамдар ораза тұтады. Құран ережелеріне сәйкес, ораза кезінде адам Аллаға жақындай түседі, бұл айда адамдар мейірімділік, бақыт, бірлік, төзімділік туралы, кешірім мен күнәдан арылу туралы ойлауы керек, бір-біріне көмек қылуы керек. Біздің елдің барша мұсылман қауымына қасиетті ораза шарттарына төзе білуді тілеймін!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа мешітті аралап көру барысында.

Жаңа мешіттің жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асады, мұнарасының биіктігі - 29 метр. Мешіт 1,5 мың адамға лайықталған. "Мешіт біздің астанаға келген қонақтардың келуіне ыңғайлы. Келешекте ол еліміздегі бірлік пен мейірімнің тағы бір орталығына айналатынына сенемін", - деді Президент.

Айта кетейік, Рамазан айы 28 маусымда басталып, 27 шілдеге дейін созылады. 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети