30 маусым 2014 | 20:47

Мүгедектерді жұмыспен өтірік қамтыған шенеуніктерді жазалауға уәде етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 tengrinews мұрағатынан алынды ©. tengrinews мұрағатынан алынды ©.

Мүгедектерді жұмыспен қамту мәліметтерін өтірік толтырған шенеуніктерді жазалауға уәде етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мүгедектерді жұмыспен қамту мәліметтерін өтірік толтырған шенеуніктерді жазалауға уәде етілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Партияның аймақтардағы филиал басшыларының бірінші орынбасарларына, жауапты тұлғаларға бұл мәселеге ерекше назар аударуды сұраймын. Бізде қай цифрді қалай ойнайтқандардың барлық аймақ бойынша аты-жөндері тізіліп тұр. Сіздердің қыркүйекке дейін бұл статистиканы өзгертулеріңізге уақыт бар" деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек партияның орталық аппаратында өткен селекторлық жиында.

Партия қолға алған "Кедергісіз келешек" жобасы аясында жылдың басынан бері қарай 5,5 мың мүгедек жан жұмысқа орналастырылған, алайда, партия басшысы олрынбасарының айтуынша, оның тек 2,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

"Күздің қортындысы бойынша, орын алған бұл фактілер қайталанатын болса, біз партияның тәртіп кеңесінде мемлекеттік органдағы жауапты тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолданатын боламыз. Бұл жеке бастың мәселесі емес. Бұл - мемлекеттік саясат" деп атап өтті Б.Баубек.

Сонымен қатар жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сөз алды. Ол 2014 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойыннша, еңбекке жарамды жастағы мүгедектердің жалпы саны 404 мың 851 адам екенін, олардың 82 мың 607-сі немесе 20,4 пайызы жұмыс істегінін жеткізді. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығының қортындысы бойынша жұмыспен қамтылған мүмкіндігі шектеулі жандар саны 13 мың 35 адамға артып, ол 95 мың 642 адамды құраған, яғни мүгедектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 23,8 пайыз болған.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети