Үкімет Назарбаевқа индустрияландыру туралы есеп береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Назарбаевқа индустрияландыру туралы есеп береді Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есеп береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

"2 шілдеде Үкіметтің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, 3 шілдеде Президент Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатына қатысып, алдағы EXPO-2017 көрмесі нысандарының құрылыс аумағына және елорданың бірқатар нысандарына баруды жоспарлап отыр.

Ал 4 шілдеде Елбасы "Атамекен" этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру салтанатына қатысады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 496.85  course down  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети