02 шілде 2014 | 11:12

Назарбаев бірқатар жаңа өндірісті іске қосады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтармен телекөпір форматында бірнеше жаңа өндірісті іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтармен телекөпір форматында бірнеше жаңа өндірісті іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Президент Үкіметтің 2014 жылдың алғашқы жартысына арналған елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы есебін тыңдайды. Содан кейін өңірлермен телекөпір басталады, оның барысында Мемлекет басшысы қолданыстағы бірнеше нысанның жұмысымен танысады. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, Президент танысатын нысандардың қатарында Атыраудағы мұнай-газ саласы мамандарын даярлау мен қайта даярлау жөніндегі аймақаралық кәсіби орталық, Алматы индустриялық аймағы, шағын және орта бизнес нысандары, Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай индустриялық паркі бар. Сонымен бірге, Елбасы Ерейментаудағы қуаты 45 МВт болатын өнеркәсіптік жел паркі құрылысының барысымен танысады.

"Президент онлайн режимінде "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағындағы құрлық порты мен Семей қаласындағы "Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік" электр тарату желісі құрылысын да бастап береді", - делінген шараның басында таратылған материалдарда.

Тікелей эфирде мынадай жаңа жобалар пайдалануға беріледі: Атыраудағы "Жігермұнайсервис" ЖШС-нің бұрғылау қашауы өндірісі, Жамбыл облысындағы "Talas Investment company" серіктестігінің химиялық реагенттер өндірісі зауыты, Қарағанды облысындағы "Бемер арматура" ЖШС-нің шартәрізді крандар мен ілмек арматуралар дайындау жөніндегі зауыты және басқа. Бұлардың бәрі - Индустрияландыру картасына енген жобалар.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 2014 жылдың алғашқы жартысында Индустрияландыру картасы шеңберінде 21 жоба іске қосылып, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылдың екінші жартысында 100 жоба пайдалануға беріліп, 8000 тұрақты жұмыс орны пайда болмақ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 525.1  course up  547.74  course up  4.84  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer