02 шілде 2014 | 16:25

Украинада соғысып жатқан қазақстандықтар жоқ - Ыдырысов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украинадағы ұрыстарға Қазақстан азаматтары қатысып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов твиттер-чат барысында мәлімдеді.


Украинадағы ұрыстарға Қазақстан азаматтары қатысып жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов твиттер-чат барысында мәлімдеді.

Желі қолданушылары Сыртқы істер министрлігінің "Украинада соғысып жатқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексереміз" деген уәдесін елдің бас дипломатының есіне салды. Оған Ыдырысов: "Тексерудің нәтижесінде бұл ақпарат расталмады", - деп жауап берді.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Украинада қазақстандықтардың соғысып жатқаны туралы ақпаратқа күмән келтірген болатын. Мұндай қауесеттің тууына Украинаның ақпарат құралдары себеп болған еді. 

Сондай-ақ, бұған дейін Украинаның оңтүстік-шығысындағы тұрғындарға гуманитарлық жүк жинаушы қазақстандықтардың даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын. Оларға көтерілісшілерге көмек көрсетті деген айып тағылды. Украиналықтар үшін киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жинастырылған еді. 

Еске салайық, Украинада 30 маусым күні 10 күн бұрын жарияланған ымыраласу мерзімі аяқталды. Бұл уақыт ішінде президент Петр Порошенконың бастамасы ақталмады - оқ ату тыйылмады, тараптар бір-бірін келісімді бұзғаны үшін айыптап жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети