Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет Басшысы Астана бұл - ХХІ ғасырда әлем бойынша он жыл ішінде тұрғызылған жалғыз астана болып табылатынын атап өтті. "Астананың бой көтеруі жергілікті халықтың тағдыры және ел тәуелсіздігімен тікелей қатысы бар. Біз өз Астанамызды құру арқылы ел тарихының жаңа беттерін парақтап, болашаққа үлкен сеніммен қараймыз. Астана мемлекеттілік пен егемендіктің негізгі нышанына айналып үлгерді. Мұның барлығы - біздің бірігіп жұмыс істеуіміздің нәтижесі болып табылады", - деді барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық пен табыс тілеген Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ, шара барысында Астана қаласы қазіргі заманғы өнер мұражайының директоры Нелли Шивриноға, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрның директоры Төлеген Мұхамеджанов пен "Sembol Insaat" АҚ компаниясының президенті Феттах Таминджеге "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын берді.