08 шілде 2014 | 13:44

"Нұр Отан" 10 жыл ішінде жемқорлықтан түгел арылтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Complianceblog.ru ©Complianceblog.ru

"Нұр Отан" партиясы жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының жобасын таныстырды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Нұр Отан" партиясы жемқорлыққа қарсы күрестің 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының жобасын таныстырды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарламада  мемлекетпен бірге қоғамның өзінің және әрбір жеке азаматтың жемқорлыққа қарсы күрестегі жауапкершілігі туралы тұңғыш рет айтылады. Биліктің міндеті - биліктің өзіне деген сенімді және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сонда әрбір азамат, әрбір бизнесмен мемлекеттің күш-жігеріне араласатын болады", - деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жасау жөніндегі жұмыс тобының отырысында.

Жұмыс тобының жетекшісі, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі Нұрлан Әбдіров бұрынғы бағдарламада "Нұр Отан" партиясы алдында тұрған жаңа міндеттер мен тапсырмалар ескерілмегенін айтты. "Бағдарламаның басты мақсаты - жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбейтін атмосфера қалыптастыра отырып, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қоғамның барлық қабатын жұмылдыру", - деді Әбдіров. "Білім мен тәрбиенің жемқорлыққа қарсы кешенді жүйесі жасалады, адал еңбек мәдениетін қалыптастыру, отбасы институтын белсенді жұмылдыра отырып, дәстүрлі, халықтық құндылықтарды нығайту көзделеді", - деді ол. 

Әбдіров бағдарлама шеңберінде партияның бюджеттің әрбір теңгесінің қайда жұмсалатынын бақылауға мүмкіндік алатынын айтты. Көлеңкелі экономиканы бәсеңдету мәселелерін шешу үшін бизнес ашу мен жүргізуде әкімшілік кедергілерді жеңілдету мен оның тазалығын арттыру көзделіп отыр.

"Бағдарлама 10 жыл бойы іске асырылады. 10 жылдан соң бүгін 20-дағы адамдар 30-ға келеді, олар қоғам өміріне белсенді араласатын болады, бізге білім, тәрбие жүйесі, отбасы институты арқылы бүгінде сол құндылықтарды салтқа айналдыру қажет. Өйткені жемқорлық мемлекеттіктің негізін, адамға деген сенімді, адамның өз білімі мен еңбегі арқылы өзі мен отбасына әлеуметтік лифт жасай алатынына сенімін жояды", - дейді Байбек.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.3  course up  547.74  course up  4.79  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer