09 шілде 2014 | 22:30

Астана қалалық ішкі істер департаментінен құпия ЖКО туралы хабарлама табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЖКО-ны көргендер түсірген фото ЖКО-ны көргендер түсірген фото

Астана қалалық ішкі істер департаментінен Тәуелсіздік көшесінде түнде бір қызды жоғары жылдамдықпен зулап келе жатып қағып кеткен құпия ЖКО туралы хабарлама табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық ішкі істер департаментінен Тәуелсіздік көшесінде түнде бір қызды жоғары жылдамдықпен зулап келе жатып қағып кеткен құпия ЖКО туралы хабарлама табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің кезекші бөлімдегі қызметкер – өз еркімен жалданушы. Ол ақпаратты күмәнді түрде беріп, қорытындысы осылай болып шықты. Іс жүзінде ЖКО болған. Бұл жағдай бүгін түнде, сағат 02:16-да болды. 102 телефонына Тәуелсіздік көшесімен – Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында жаяу адамды автокөлік қағып кеткендігі жайлы хабар түскен болатын", - деп түсіндірді ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы өздерінің бейхабарлықтарын.

Сондай-ақ, олар 1992 жылы туған қызды Lexus автокөлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі қағып кеткендігін мәлімдеді. Жәбірленуші жолдың үстін кесіп өтуге болмайтын жермен өтпек болған.

"Бұл дерек бойынша Астана ІІД-нің анықтау басқармасы тергеу жүргізуде. ЖКО-ның себептері анықталуда", - деп толықтырды ведомства өз мәлімдемелерін.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети