15 шілде 2014 | 09:32

Ғалымдар әлемдегі ең қара түсті материалды ойлап тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Vantablack. Сурет  Surrey NanoSystems компаниясынан алынған Vantablack. Сурет Surrey NanoSystems компаниясынан алынған

Британиялық Surrey NanoSystems компаниясының ғалымдары бағытталған жарық сәулесін өзіне жұтып алатын ең қара түсті материалды ойлап тапты. Адам шашынан 10 есе жұқа материал графитті нанотрубкадан жасаған және Vantablack немесе "супер қара" деген атқа ие болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Independent газетіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Британиялық Surrey NanoSystems компаниясының ғалымдары бағытталған жарық сәулесін өзіне жұтып алатын ең қара түсті материалды ойлап тапты. Адам шашынан 10 есе жұқа материал графитті нанотрубкадан жасаған және Vantablack немесе "супер қара" деген атқа ие болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Independent газетіне сілтеме жасап.

Оның жылу өткізушілік қабілеті мысқа қарағанда 7,5 есеге тиімді және қаттылығы темірден 10 есе жоғары. Материал түсінің қаралығы сонша, оның майысқанын адам көзімен байқау мүмкін емес. Оған қараған кезде барлық контурлар мен формалар жоғалып кетеді, тұңғиыққа көз жібергендей күйде боласың.

"Бұл ғажайып құбылыс: Фольганы майыстырып, оның бетінің өзгергенін көрмек боласың, бірақ ол мүмкін емес" дейді Surrey NanoSystems компаниясының қызметкері Бен Дженсен.

"Vantablack-ке қарау қара тесікке қараумен бірдей. Адамзат бұдан қара дүниені әлі көрген емес" - дейді Лидск университетінің маманы Стивен Уэстленд.

Жаңа материал астрономиялық камерларда, телескоптарда және инфрақызыл сканерлік жүйеде қолдану үшін жасап шығарылған. Бұл жаңалық Лондон іргесіндегі Фарнборо қаласында 14-і мен 20-сыншы шілде аралығында өтетін авиасалонда көрсетілмек.

Vantablack-тің жарықты қалай жұтатынын Naked-science парталы былай түсіндіреді: оның негізіндегі графитті нанотрубкалардың жұқалығы сонша, жарық сәулелері оған шағылмайды. Оның орнына фотондар трубкалар арасындағы тесіктерге түсіп, толықтай жұтылып кетеді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer