15 шілде 2014 | 16:19

Саудагерлер алкоголь сатуға салынған тыйымды ескермейді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©TengrinewsTV ©TengrinewsTV

2014 жылдың 13 шілдесінде Қазақстанда сағат 21.00-ден келесі күнгі 12.00-ге дейін алкоголь сатуға тыйым салатын заң күшіне енді. Tengrinews.kz тілшілері Алматы дүкендерінің жаңа заң талабын қаншалықты сақтап отырғанын тексеріп көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2014 жылдың 13 шілдесінде Қазақстанда сағат 21.00-ден келесі күнгі 12.00-ге дейін алкоголь сатуға тыйым салатын заң күшіне енді. Tengrinews.kz тілшілері Алматы дүкендерінің жаңа заң талабын қаншалықты сақтап отырғанын тексеріп көрді.

Тілшілер қаланың әр түкпіріндегі тұрғын үйлердің төменгі қабатында орналасқан және күрке тәрізді оқшау тұрған бірнеше шағын дүкенді аралап көрді. Журналистік тексеру барысында 21.00 шамасында дүкендерден алкоголь сатып алу қиын емес болып шықты. Сауда нүктелерінің көбі салынған тыйымға қарамастан, тұтынушыларға спирттік ішімдік сатып алуға және таңдауға ойланбастан көмектесті.

Дегенмен кейбір сауда орындары тұтынушыларға 21.00-12.00 аралығында алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын ескертті. Сатушылар заңнамадағы өзгерістің сауда-саттыққа кері әсер еткенін айтты. Бұрынғыдай артық табысты шектемеу үшін олар арақ-шарапты тығып сатуға мәжбүр болатынын жеткізді.

Тілшілер қаладағы ірі сауда орындарында заңның жаңа талабының сақталатынына көз жеткізді. Дүкеннің спирттік ішімдіктері бар сөрелері жабылып, ол жерге клиенттер үшін заңның талабы туралы ақпарат жапсырылған.

Еске сала кетейік, маусым айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын. Заң мемлекеттің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Заңдағы өзгерістер градусы 30-дан жоғары спирттік ішімдіктерге қатысты. Оларға құрамындағы этил спиртінің көлемі 30%-дан асатын арақ, күшті ликер өнімдері және құрамындағы этил спиртінің көлемі 40-45%-ден асатын коньяк жатады. Күштілігі 30 градустан төмен ішімдіктерге талап бұрынғысынша қалады, яғни оларды сатуға 23.00-08.00 аралығында ғана тыйым салынады. Айта кетейік, бұл шектеулердің мейрамханалар, барлар мен дәмханаларға қатысы жоқ.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 527.14  course down  545.85  course up  5.03  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer