16 шілде 2014 | 13:15

Қырғызстанмен арадағы шекарада қосымша бекет ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстандық туристер үшін Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдей түседі. Шекарада қосымша бақылау-өткізу бекеті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.

Қосымша бекет Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Шарқұдық шатқалында ашылып отыр. Оны ашудағы мақсат - туристік маусымды тиімді ұйымдастыру және тау туризмін дамыту. Бекет 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Тау туризмі желісі бойынша халықаралық туристік топтар "Қарқыра-автодорожный" бекетінен тыс Қарқыра өзені үстіндегі көпірмен өткізілетін болады. Бірақ ол туристік компаниялармен алдын ала келісім мен жоспарланған кесте бойынша іске асырылады. Бұл туралы келісім Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлерінің 12 шілдедегі кездесуі кезінде жасалған.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында туристер, автокөліктер мен жүктердің кептеліп жататыны хабарланған еді. "Ақ жол" - "Қордай" бақылау-өткізу бекеті ары-бері өтушілердің нөпірін игере алмай қалған.

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети