17 шілде 2014 | 10:34

Террористер Кабул халықаралық әуежайына шабуылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулдың әуежайы ru.wikipedia.org Кабулдың әуежайы ru.wikipedia.org

Террористер Ауғанстанда Кабул халықаралық әуежайына шабуылдады. Нысанды күзетуші қарулы топ пен террористер арасындағы атыс кезінде бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 


Террористер Ауғанстанда Кабул халықаралық әуежайына шабуылдады. Нысанды күзетуші қарулы топ пен террористер арасындағы атыс кезінде бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, террористер әуежайдың солтүстік бөлігінде орналасқани ғимаратқа басып кіріп, оқ ата бастаған. Қазіргі таңда террористер ғимаратты толық басып алып, жарылғыш заттарды атуда.  

"Қаруланған бірнеше адам ғимаратқа басып кіріп, оқ жаудырды", дейді қала полициясының басшысы Хашмат Станикзай. Ол әзірге әуежай ғимаратына зиян келмегенін айтты. Сондай-ақ террорситердің әуежайды атқылап жатқандығы туралы ақпаратты НАТО күштері де жоққа шығармады, алайда қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр. 

Зардап шекккендер мен қираған ғимараттар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Кабул әуежайына соңғы рет шабуыл 3 шілдеде жасалған еді. Сол кезде террористер ел президенті Хамид Карзайдың тікұшағын өртеп жіберген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети