18 шілде 2014 | 19:39

Украинадағы ұшақ апаты: Қаза болғандардың туыстары 5 мың доллардан алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Украинада апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағында болған жолаушыларының туыстары бастапқы өтемақы ретінде 5 мың доллар алады, деп хабарлайды РИА Новости компанияның вице-президенті  Хейба Гортерге сілтеме жасап.


Украинада апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағында болған жолаушыларының туыстары бастапқы өтемақы ретінде 5 мың доллар алады, деп хабарлайды РИА Новости компанияның вице-президенті  Хейба Гортерге сілтеме жасап.

"Ұшақта болған жолаушылардың туыстары қаржылық қиындықтарды өткеріп жатқанын түсінеміз. Сондықтан да біз олардың бастапқы шығындары үшін бес мың доллар береміз", - дейді ол. Украинадағы апатқа ұшыраған ұшақ туралы түсініктеме беріп жатқан кезде. Сонымен қатар Malaysia Ailrines компаниясының вице-президенті ұшақтың радар бетінен жоғалып кеткенге дейін оның барлық жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оның айтуына қарағанда, Boeing-777 украиналық диспечерлер талап еткендіктен жоспар бойынша бекітілген жылдамдықтан төмен ұшқан, 

Сондай-ақ Гортердің айтуынша, ұшақтың ұшу биіктігі жоспар бойынша 10,66 шақырым болған, бірақ диспечерлердің талабы бойынша 10,05 шақырымға дейін төмен түскен. Еске салайық, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ұшақта ел азаматтарының болмағанын мәлімдеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети