21 шілде 2014 | 12:49

АҚШ Boeing апатына сепаратистер кінәлі екеніне дәлел тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Бук" зенитті-зымыран кешені. Сурет army-news.ru сайтынан алынған "Бук" зенитті-зымыран кешені. Сурет army-news.ru сайтынан алынған

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри американдық биліктің Донецкі облысында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing ұшағының апатына Кремль мен сепаратистердің кінәлі екенін айқындайтын дәлелі бар екеніне сенімді.  Украинаның шығысында малайзиялық ұшақты атып түсірген зениттік-зымыран комплеексі Ресейден жеткізілген" деп мәлімдеді Керри CNN телеарнасына берген сұхбатында" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри американдық биліктің Донецкі облысында апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing ұшағының апатына Кремль мен сепаратистердің кінәлі екенін айқындайтын дәлелі бар екеніне сенімді.  Украинаның шығысында малайзиялық ұшақты атып түсірген зениттік-зымыран комплеексі Ресейден жеткізілген" деп мәлімдеді Керри CNN телеарнасына берген сұхбатында" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз сеператистерге SA-11 (ЗЗК "Бук") жүйесін пайдалануды ресейлік мамандар оқытқанын білеміз" деп қосты ол.

АҚШ дипломатиялық миссиясы басшысының айтуынша, соңғы айларда Ресей шекарасы арқылы жасақшыларға ірі көлемде қару-жарақ жеткізілген. Керидің мәлімдеуінше, соңғы айларда 12 ұшақ атып түсірілген.

Сондай-ақ, АҚШ дипломатиялық миссиясының басшысы Донецкіде малайзиялық ұшақтың атып түсірілуін "дабылды қоңырау" деп бағалады. Осыған орай Вашингтон Ресейге қатысты батыл қадам жасайтынын және еуропалық серіктестерін де соған үндейтінін жеткізді. Саясаткердің айтуынша, Киев АҚШ-тың көмегіне сенуіне болады, сондай-ақ әскери сала бойынша да. Одан өзге Керри Мәскеуге қатысты жаңа санкциялар қолданылуы мүмкін екенін де ескертті.

Сенбі күні Украина президенті Петр Порошенко малайзиялық ұшақ апатына "лаңкестердің" кінәлі екенінің мүлтіксіз дәлелдері табылғаны туралы мәлімдеді. Франция президенті Франсуа Олландпен телефон арқылы сөйлесу кезінде ол "террористер тексеру жүргізуге кедергі жасап жатыр, жұмыс істеуге, дәлелдерді алуға мүмкіндік бермей отыр, олар өздігінен жазатын қондырғыны (қара жәшік) алып кетті" деп мәлімдеген.

Сонымен қоса, президент сайтында "Бірақ бұл оларды құтқармайды, өйткені зымыраннның ұшып шыққан орнын дәлелдейтін, спутниктен түсірілген суреттер мен бейнежазбалар бар. Қондырғының Ресейден жеткізілгенін куәландыратын құжаттар бар. Сондай-ақ, террористердің телефон әңгімесінің жазбасы бар" деген Порошенконың сөздері келтірілген.

Бейсенбі күні Украинаның оңтүстік шығысында малайзиялық Malaysia Airlines авиокомпаниясына қарасты Boeing-777 лайнері апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан бортта болған 298 адамның бәрі қаза болған. АҚШ президенті Барак Обама ұшақтың сепаратистердің бақылауындағы аумақтан ұшырылған "жер-әуе" зымыраны атып түсіргенін мәлімдеген еді. Киев билігі де апатқа жасақшыларды кінәлі деп айыптады.

Өз кезегінде Донецкі халықтық республикасының өкілі жасақшылар қолында 10 мың метер биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қондырғының жоқ екенін айтты. ДХР өкілінің пайымдауынша, малайзиялық ұшақты Укнаина әскерлері қателесіп атқан.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі ресейлік "Бук" комплексінің және өзге де ресейлік әскери қондырғылардың Украина шекарасынан өтпегенін мәлімдеген болатын. РИА Новости ақпарат құралына берген сұхбатында ол "мұндай әрекетті жасырын түрде жүзеге асыру мүмкін емес" деп атап өткен еді.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer